Өркениет

Айгүл Иманбаева үкімет басында отырған шенеунік тоқал еткісі келгенін айтты

  • © CC0 / Ардақ Төлеубай

    © CC0 / Ардақ Төлеубай

Актриса Айгүл Иманбаева Talk Like бағдарламасына берген сұхбатында жеке өмірі мен баласының әкесімен қарым-қатынасы жайлы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

"Өзімде болмаған балалық шақты ұлыма бере алдым. Асылжанның әкесімен екі жаққа кеткеніме биыл 22 жыл болады. Сол кезде кішкентай баламды жаттың қолына жалтақтатпаймын деген шешім қабылдадым, біреудің балама қатты сөйлегенін көтере алмаймын. Қазір де солай. Одан кейін баламның біреуді "әке" дегенін де көтере алмаймын. Ол менің табиғатыма жат дүние", - дейді әнші.

 

Оның айтуынша, адамның ойы әрқашан орындалады. Аллаға қандай өтініш жазсаң, сол болады. Актриса қазір 22 жыл бұрын қабылдаған шешімін өзгертіп, тұрмыс құруға дайындалып жүргенін де жасырмады.

 

"Күйеуіммен айырылысқан кезде балам бар-жоғы 7 айлық болатын. Балам өскенше тұрмысқа шықпаймын, баламның өз қолы өз аузына жетіп, аяғынан тұрып, бар жағдайын жасаған кезде ғана отбасын құрамын деп айттым. Содан бері 22 жыл өтті. Бір жыл бұрын ғана сөзімді қайта алдым. Баламды оқыттым, жағдайын жасадым, енді қамдансам болады", - деді Иманбаева.

 

Әңгіме барысында ол 22 жастағы ұлы Асылжан мен бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовтың қарым-қатынасы жайлы да айтты. Иманбаева әке мен бала арасына ешқашан түспеген, ел алдына шығып, бұрынғы күйеуін жамандамаған.

 

"Әке мен баланы ешқашан бөлмедім, болмаса эфирде отырып баламның әкесін жамандаған адам емеспін. Қалың қазаққа "әкесі ондай", "әкесі мұндай" деп айтпадым, өйткені мен одан ұл туып отырған адаммын. Осы текті, осы елді әрі қарай жалғайтын азамат келіп отыр дүниеге. Шыққан тегі, ата-әжелері қандай керемет?! Сондай азаматтан, текті жерден ұлды болып отырғаныма қуанамын. Ол ұлға Алла сана бергеніне қуанамын. Тәрбиені құясың, ал текте дұрыс дүние болмаса, мың жерден құйсаңыз да, тектілік болмаған жерден бала өнбейді", - деді Айгүл Иманбаева ұлы жайлы.

 

Ер азаматты сүйе алмайтынын айтқан актриса оған бала күнінде әке махаббатын көрмегенім себеп болды дейді.

 

"Үш-төрт жасымда әкем мен шешем айырылысып кетті. Бала кезімнен ер адамнан махаббат көре алмадым. Ер адаммен менің энергетикам алмаспағаннан кейін, ер адамға мен не бере аламын?! Қазір де өзімді сүйе алмайтын адаммын деп есептеймін. Асылжанның әкесінің сол кездегі алып-ұшқан сезіміне шек келтіруге болмайды, ол менің тарапымнан қиянат болады. Ес-түссіз сүю, ғашық болу деген дүниені Асылжанның әкесінен көрдім. Меніңше, сол махаббатқа мен жауап бере алмаған сияқтымын", - деп өткенін еске алды ол.

 

Ел танитын актрисаға үкімет басында отырған шенеуніктің бірі тоқал болуды да ұсынған екен.

 

"Жоқ дедім. "Сенде барлығы болады: басшылық қызмет, үй-жай алып беремін, бірақ ешкім білмейді" деп айтты. Бірақ бұл табиғатыма жат дүние", - деп қысқа қайырды ол.

 

Әлеуметтік желіге ұлымен түскен суретін жарияласа, оқырманның бәрі Сәбит Әбдіхалықов туралы негатив пікір жазатыны жайлы да айтты. Кейде бәріне "Сәбит ондай азамат емес" деп айтқым келеді дейді ол.

 

"Асылжанның әкесі жайлы қызық әңгіме көп. Желіге ұлыммен түскен суретімді салсам, маған да, балама да қатысы жоқ, бірақ әкесіне қатысты негативті ойларын жазып жатады. Неге ол адам туралы сондай пікір қалыптасқанын білмеймін. Кейде "Сәбит ондай азамат емес" деп айтқым келіп кетеді. Соны ұлыма айтсам, "Мама, менің әкеме қатысты дүниенің барлығы, жауапкершілік сенің мойныңнан баяғыда түсті емес пе? Сен оған жауапты емессің ғой" деген соң менің де жауап бергім келмей қалады. Ұлым "жауапты мен беремін. Мен әркімге сөзімді қор қылып отырмаймын. Адам болып, тұлға болып, азамат болып қалыптасқаным – халыққа берген жауабым" деді", - дейді Иманбаева.

 




Көрілген: 694    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.03.2020, 08:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31