Өркениет

Айгүл Иманбаева: Үй жинап, тамақ істемегеніме тура 22 жыл болды

  • Айгүл Иманбаева: Үй жинап, тамақ істемегеніме тура 22 жыл болды

    Айгүл Иманбаева: Үй жинап, тамақ істемегеніме тура 22 жыл болды

Қазақ эстрадасының жұлдыздары қарапайым тұрмыс пен тіршіліктен алыс екенін жасырмайды. Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева "Ел аузында" бағдарламасының тілшілеріне берген сұхбатында тамақ әзірлемегеніне, үй шаруасымен айналыспағанына 22 жыл толғанын айтып берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі етті анасы үйреткендей мықты асатынын және енесі секілді палауды өте жақсы пісіретінін айтты. Алайда, қазіргі уақытта актриса үшін тамақ әзірлеу үлкен күрделілік туғызады екен.

"Кухняға кірмегеніме, үй жинамағаныма, тамақ істемегеніме тура жиырма екі жыл болды. Сондықтан кухняға қатысты бағдарламаларға шақырғанда мен бармаймын. Өйткені, икемім жоқ. Істесем бір кісідей істеймін, дайындаймын тамақты. Бірақ ол үшін психологиялық тұрғыда дайындық керек. Одан кейін оған көңіл бөлу үшін күн алу керек маған",- деді Иманбаева.

Оның өмірдегі әріптесі Меруерт Түсіпбаева тамақты мүлдем дайындамайтынын, көбінесе кешкі асты мейрамханадан ішетінін мәлімдеді.

"Ешқашан тамақ әзірлемеймін. Мен қазір жалғыз тұрамын. Концерт, мерекелік шаралар біткен соң, мейрамханаға барып асымды ішемін", - деді ол. Сонымен қатар, әнші түсірілім кезінде, концерт болар сәтте сымбатты әрі көрікті болып жүру үшін тамақ ішпейтінін айтты.

"Арнау" тобының экс-солисі Салтанат Бақаева шығармашылығы мен келіннің қызметін, аяулы ананың міндетін қатар алып жүрген жандардың бірі. Әйтсе де, ол да жұмысбасты адам болғандықтан кей кездері үй шаруасы қалып қоятынын ашып айтты.

"Лағман тағамын жақсы әзірлеймін. Өзімнің бір-екі жақсы жасайтын тағамдарым бар. (...) Шынымды айтсам, съемкадан кейін тамақ әзірлеймін деп айта алмаймын",- деді әнші.  




Көрілген: 533    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.01.2020, 20:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Маусым, 00:38
    Неге сонша бүліндік?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31