Айгүл Иманбаеваның Нұрболат Абдуллинмен түскен суреті қызу талқығы түсті

27 желтоқсан 2021, 11:49

Қазақстан эстрадасының жұлдызы Нұрболат Абдуллин өнердегі әпкесі Айгүл Иманбаевамен түскен суретін желіге жариялады.

 

Әнші Нұрболат Абдуллин мен Айгүл Иманбаеваның желідегі бірге түскен суреті көпшіліктің ашуын туғызды, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Оңай емес…ойлану керек, —деп жазған Нұрболат Абдуллин.

 

instagram.com/nurbullin

 

Пікір жазған оқырмандарға әсіресе әнші Айгүл Иманбаеваның тұрысы ұнамай қалған.

 

Құрметті өнер адамдары, мына тұрған тұрыстарың дұрыс па енді? Егер сахнада қойылым болса, түсінуге болар еді. Өнер адамдары келешек жастарға мәдениетті өнеге көрсетуі тиіс. Мыналарың шектен шыққандық, —деп жазды желі қолданушыларының бірі.

 

Ал тағы біреуі "Нұрболат мырза, барған сайын шешініп бара жатырсыз. Бір күні Кәмшат Жолдыбаеваның қасында жүрмеңіз" деп жазған.

 

Бұған дейін Айгүл Иманбаева Мәскеуде жүріп, видео жариялап, басы дауда қалған еді.