Өркениет

Айгүл Иманбаеваның ұлы әкесіз өскен балалар туралы фильм түсіріп, елді жылатты (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Отандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаеваның ұлы әкесіз өскен балалар жайында фильм таспалап, онда өзінің әкесі Сәбит Әбдіхалықовты да түсірген. Бүгінде өзін режисерлік қырынан танытып келе жатқан Асылжан Әбдімүтәлиев бұл туындысында өзіне жақын тақырыпты қозғаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Асылжан Әбдімүтәлиев - өнер жұлдыздары Сәбит Әбдіхалықов пен Айгүл Иманбаеваның ортақ ұлы.

 

Олар тұңғыш перзенттері кішкентай болғанда ажырасып кеткен болатын. Баласы оған қарамастан әкесімен бүгінде жақсы қарым-қатынас орнатқан.

 

Алайда, Асылжан мұндай байланысты орнату оңайға соқпағанын алға тартты. Өзінің "Әке жолы" атты фильмінде ол асқар тауы әкесімен қалай танысып, оған қарай жасаған маңызды жеті қадамы туралы айтып берді.

 

Әбдіхалықовтың ұлы жаңа туындысында әкесіз өскен балалармен қоса өзі де жан сырын ақтарған.

 

Желі қолданушылары Асылжан Сәбитұлының жұмысын жылы қабылдап, фильмді жыламай отырып көру мүмкін еместігін жазуда. Онда әкесіз өскен адамдар өз басынан өткен жағдайларды баяндап, ішінде шығара алмай жүрген сырымен бөліскен.

 

"Әке жолы" фильмінің толық нұсқасын Youtube желісінен тамашалауға болады.

 

Асылжанның туындысын көрген жұртшылық Айгүл Иманбаеваға тамаша ұл өсіргені үшін мақтау сөздерін жаудырды.

 

 




Көрілген: 3427    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.11.2020, 21:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31