Өркениет

Айгүл Иманбаеваның ұлы анасының тұрмысқа шығуына қатысты ойын айтты

  • Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

    Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Отандық танымал әнші Айгүл Иманбаеваның ұлы анасының жеке өміріне алаңдаушылығын білдірді. Асылжан Әбдімүтәлиев оның екінші мәрте тұрмысқа шығуына қатысты қандай ойда екенін айтты. Ол бүгінде бұл мәселе жайында қатты уайымдап жүргенін жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ "Опмай-опмай" бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Сәбит Әбдіхалықов пен Айгүл Иманбаеваның ортақ баласы ата-анасы ажырасып кетсе де, олардың өз бақытын табуға толық құқысы бар деп есептейді. Асылжан үшінші рет үйленген әкесіне қалай қолдау білдірсе, анасына да солай қарайтынын айтты.

 

Ол Иманбаеваның екінші мәрте тұрмысқа шығуына мүлдем қарсы емес екенін алға тартты. Керісінше, жас жігіт оның жалғыз қалып қалмауын қалайтын болып шықты.

 

"Мен мүлдем қарсы емеспін. Менің қатты қорқынышым да сол. Анам жалғыз қалып қоя ма деген. Оған қатты уайымдаймын. Олай болып жатса, мен керісінше қатты қуанар едім. Себебі, ол деген қиын. Көріп те жүрміз ғой. Анам жалғыз қалып қалса, кейін ол маған да ауыртпашылық болады. Сол себепті, қазірден немесе алдағы уақытта біреуі болса, жеңілдірек болар еді. Қазір байқалмайды, бірақ уақыт өте келе сезілетін болады. Сондықтан қасында бір жұбайы болғанын қалаймын" , - деді Асылжан Әбдімүтәлиев.

 

Сонымен қатар, өнер иесі жеке өміріндегі жаңалықтарды үнемі ұлымен бөлісіп тұратыны белгілі болды. Әншінің баласы сұхбаты барысында бүгінде анасының сүйіктісі жоқ екенін айтып қойды.

 




Көрілген: 2791    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.08.2020, 14:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30