Өркениет

Айгүл Мүкей: Анам ерте қайтыс болды, мен оқуға түсу үшін Алматыға бардым

  • Айгүл Мүкей: Анам ерте қайтыс болды, мен оқуға түсу үшін Алматыға бардым

    Айгүл Мүкей: Анам ерте қайтыс болды, мен оқуға түсу үшін Алматыға бардым

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей студенттік жылдары туралы айтып берді. Анасы қайтыс болғаннан кейін жас қыз Алматыға келіп, Жүргенов атындағы өнер академиясына оқуға түскен. Айгүл Мүкей өткен күнгі естеліктерін сағынышпен еске алды.

"Бір қыз “Сен неге мұңды пост жазасың, өткенді жиі есіңе аласың?” дейді. Бірақ мен күш-қуатқа толымын, көңілдімін. Өткен күннің естеліктерін сағынамын. Бүгін Алматыға қалай көшкенімді есіме алдым. Анам қайтыс болды. Еуразия университетін бітіріп, кейін Жүргенов атындағы университетке түсуге бел будым", - деп бастады әңгімесін Айгүл ханым.

 
Тележүргізуші алғашында ана тілін білмегенін айтты. Мүлде тіл білмегенімен, қазақ бөліміне оқуға түскен.

“Барлық атақты кино, театр әртістері, барлық дерлік әншілер, киногерлер – менің курстастарым, құрдастарым. Қазір олар менің жақын достарым. Олар “Мына орысша сөйлейтін қыз қайдан келді?”деп таңғалды. Мен өзімді-өзім зорлап, әйтеуір бір ғажайыппен қазақ бөліміне түстім. Қазақша түсінбеймін, ақшасыз жүрдім. Бірақ екі жылдан кейін құрдастарыммен қазақша сөйлесіп жүрдім. "Сен бізді алдадың, тіл білдің" деді бәрі”, – деді тележүргізуші. Жазылушылар өз пікірлерін қалдырды.

"Иә, студенттік кезімізде біз мүлде ет іздемейтінбіз, мейрамдарда макарон, қуырылған картоп жейтінбіз", " Айгүл өте жақсы адам және мейірімді!”, "Қазақ телеарнасының үздік журналисі", - деп жазды олар.




Көрілген: 718    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.11.2021, 14:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31