Өркениет

Айгүл Мүкей кинодағы рөлінің ақысына "манты" алғанын айтты

  • Айгүл Мүкей кинодағы рөлінің ақысына

    Айгүл Мүкей кинодағы рөлінің ақысына "манты" алғанын айтты

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей кино факультетінде оқып жүрген кезінде басынан өткен небір қызықты хикаяларын баяндады. Ол бір кездері бір рөлдің ақысына "манты" алғанын айтты. Көпшілікке жаңалықтар тізгіншісі ретінде танылған Айгүл жақында сериалға түскенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бойжеткен, сен киноға түскің келе ме?" Менің замандастарым осы фильмді білуі тиіс. Олардың әрқайсысы көшеде жанына режиссер немесе ассистент келіп, киноға шақырғанын елестеткен.

Мені жаңа толқынның барлық дерлік режиссерлері киноға шақырған. Сатыбалды Нарымбетов, Талғат Теменов, Дарижан Өмірбаев, Ардақ Әмірқұлов, Әмір Қарақұлов…

 
Негізінен массовкаға түстім. 3 күн қатарынан дискотекада билеп, ақысына манты алған кезім болған. Ал Нарымбетовтың "Омпа" фильмінде тойда жүрдім. 

Тағы бір есте қалған эпизод, әл-Фараби көшесімен кептелісте келе жатып, артынан бірден: “Кір, сүйгеніңді жоғалттым деп егіліп жыла", – деді. Кептелістен кейін қолымнан келмеді. Эх..." – деп күрсінді тележүргізуші. 

Айгүл Мүкей кино факультетінде жүргенде қыздармен өзара "киноға түскің келсе, сабақта отырма, дәлізде еркектерге көзіңді тік" деп қалжыңдасатынын еске алды. 

"Мүмкін режиссер актриса іздеп жүрген шығар", – деп жазды Мүкей. 

Жастық шағында тек қана массовкада бой көрсеткен Айгүл енді отандық телехикаяда басты рөлді сомдады. KazNews атты телехикая тележурналистика мен ТВ-ның ішкі "асханасы" жайлы болмақ. 
Туынды жуырда "Хабар" арнасынан көрерменге жол тартады.




Көрілген: 437    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.09.2021, 14:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31