Өркениет

Айқынның бірінші жұбайын алғаш рет көпшілікке көрсетуге кім себепкер болған?

  • Айқынның бірінші жұбайын алғаш рет көпшілікке көрсетуге кім себепкер болған?

    Айқынның бірінші жұбайын алғаш рет көпшілікке көрсетуге кім себепкер болған?

 Ресей эстрадасының жұлдызы Сосо Павлиашвили әнші Айқын Төлепбергенмен бірге ән айту идеясы қайдан келгенін айтып берді деп хабарлайды НТК телеарнасындағы Ревю бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Сұхбат барысында Сосо Павлиашвили Айқынмен орындаған "Каждый день" әнінің өмірге қалай келгенін сөз етті.


"Бұл дуэт біздің ортақ досымыз Аслан Тілеубайдың арқасында пайда болды. Ол мені Айқынмен таныстырған еді. Айқын өте талантты жігіт. Мен оған ән ұсындым, ол да қарсы болмады", - дейді ресейлік әнші.

Өнер иесі қазақстандық әншінің жұбайын көпшілікке көрсетуіне себепкер болғанын да жасырмады.


"Мен көрерменге өміріміздегі ең бағалы дүниелерді көрсеткім келді. Себебі отбасы біздің барымыз", - деді Павлиашвили.

Сондай-ақ ол Айқынның бірінші жұбайына ажырасып кеткенін естігенін де жасырмады.


"Өкінішке орай бұл жаңалықты естідім. Бастысы, олардың ортақ балалары бар. Сол балапандар қиналмаса екен деймін", - деді өнер иесі.



KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 4357    Пікірлер: 0

жұма, 27.09.2019, 09:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31