Айнұр Ілиясова үшінші сәбиін дүниеге әкелді

29 желтоқсан 2021, 18:48

Актриса, тележүргізуші Айнұр Ілиясова үшінші сәбиін дүниеге әкелді. Жаңа жыл қарсаңында Айнұр қызды болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Естіп жатқан боларсыздар! Одан да өзім айтайын, Құдайға шүкір, бүгін таңертең мынандай аруды дүниеге әкелдім. Бәрі жақсы. Қол-аяғымды жинап жатырмын.

Апам айтпақшы: "Адамнан адам шығу оңай емес". Кейін барлығын дұрыстап жазам ғой", – деп сүйінші хабарды жеткізді Айнұр перзентхана палатасынан суреттер жариялап.
Екі қыз тәрбиелеп отырған актриса бұл жүктілікті жоспарламағанын ашық айтқан еді. Тіпті сәбилі болатынын білген сәтте қуанбағанын, керісінше, уайымға салынғанын жасырмады.

"Шынымды айтайын, қуаныштан секірдім немесе бақыттан басым айналды дей алмаймын. Алғашқы реакциям: "Менің балаларым кішкентай ғой, о жоқ", – дедім. Қолымнан келе ме? Онсыз да күнде көзім дірілдейді. Әрқайсысына көңіл бөлу керек. Күйеуім, жұмысым, жеке жұмыстарым бар", – деп ағынан жарылды Ілиясова.