Өркениет

Айнұр Тұрсынбаева қайырымдылық Қор ашты

  • https://kaz.caravan.kz/

    https://kaz.caravan.kz/

Өзінің атаулы кітабымен ұтыс ойнатып елдің алғысына бөленіп жүрген айтыстың аққуы Айнұр Тұрсынбаева енді "Айдың нұры" деп аталатын қайырымдылық қорын ашты.

 

"Бисмиллә деп "Aidyn Nury қайырымдылық қоры" ашылды...Енді осы қор бойынша көп түкірсе көл демекші ай сайын бір отбасына баспана алып беріп отырсақ жақсы ғой... Қайырымдылық-адам жанының нұры...

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:"Адам қайтыс болғанда амал дәптерлері жабылады. Тек мына үш нәрсемен сауабы жалғасады: сауабы үздіксіз келетін садақа, адамдардың игілігіне жараған ілім және артынан дұға жолдайтын салиқалы перзент." (Бухари)

Суретте көрсетілген отбасыға қараңыздаршы... Артем сауда базарының қасында жер үйлердің бір бөлмесінде тұрып жатыр екен... 6 баласы бар! 6 бірдей бала ата-анасымен 8 адам, 12 квадраттық бір бөлмеде тұрып жатыр... Жолдасы ауырады, денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз, жағдайлары өте төмен отбасы...

Осы отбасыны баспаналы қылуға 100 теңгеден салсаңыздар да біз үшін үлкен көмек!!! Жұмыла көтерген жүк жеңіл...Осы отбасыға баспана сыйлап балалардың жылы жүзін көру біздің мақсатымыз... Алла разы болсын" - деп жазды.

 

 

Естеріңізге сала кетейік, Айнұр Тұрсынбаева бұған дейін өзінің ұтыс ойынында 120 миллионды құрайтын үлкен пентхаусын бас жүлдеген қойған болатын. Және оны Шымкенттік 5 баланың анасы Бибінұр есімді оқырман жеңіп алды.

 

kaz.caravan.kz




Көрілген: 791    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.02.2020, 10:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30