Өркениет

Айнұр Тұрсынбаева "стакандағы су" үшін елден кешірім сұрады

  • © Instagram

    © Instagram

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева "стакандағы су" техникасын пайдаланғаны үшін оқырмандарынан кешірім сұрады.

 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Айнұр Тұрсынбаеваның Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

"Мен алғаш мотивациялық кітаптарды ақтарып бастағанда ең бірінші оқығаным Зеландтың &ldquoТРАНСЕРФИНГ&rdquo кітабы болды. Қатты ұнаған соң қазақшалай бастадым...

Келіспейтін жерлерім де бар әрине. Ішінде атақты &ldquoстақандағы су&rdquo техникасы туралы жазылған.. Кейіннен ютубта батыстың эзотериктерінің басым бөлігі соны қолданатынын білдім. Діннен хабары бар бір ағадан сұрағанымда &ldquoсуға дем салып ішу исламда да бар&rdquo дегесін сабақтарымда өзім де қолдандым.

Мен біраз болды араб тілін үйреніп бастап жатырмын... Арасында аят, сүре, хадистерді оқимын.

Ең қызығы Зеландтың да, Кехоның да, Диспензоның да, басқаларының да айтып жүргендері құранда бар болып шықты.. Және жасап жүрген техникаларыма күдік пайда болды...

Жолдасым құранды емін-еркін болмаса да бір кісідей оқи алады , осыны нақтылап берші деп едім, &ldquoсен дем салып үйретіп жатқан жоқсың, судан сұратып үйретіп кетіпсің, бұл күнәнің үлкені&rdquo деп кесіп айтты...

Сонымен 2 рәкағат тауба намазын оқып, ол техниканы тоқтатып тастағаныма 1 айдан асқан...

Қызық болғанда тоқтатқан күннен бастап алдымнан айналып шыға берді.. Айқайлап айтып жүргенде ешкім үндемей, енді жауып тастағанда неге бұл тақырып ушығып кетті деген ойға қалдым...

Құранды еркін оқитын бір мұсылманға хабарласып &ldquoнеге бұлай болып жатыр&rdquo деп кеңес сұрасам &ldquoжұрт сенің тоқтатқаныңды білмейді ғой, жұрттың алдындағы абыройды емес Аллланың алдындағы абыройды ойлап бұл техниканы мүлде қолданбайтыныңызды айтып, қателескеніңізді мойындап пост жазсаңызшы&rdquo деді...

Алланың мейірімі анамыздан 99 есе көп екен ғой, әлбетте қателескеннің дүұғасын қабыл етеді...Басым жерге жеткенше иіліп сіздерден де кешірім сұраймын...

 

Бүгінгі қари кісіден естіген бір жақсы дүнием, ауырған адам суға өзі дем салып Фатиха, Фалақ, Нас сүресін оқып жіберіп ішсе Алла шипасын береді екен...

Лайым, Алла бізді адасудан сақтасын", - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

 

 




Көрілген: 2731    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.10.2020, 17:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30