Өркениет

Айсәуле Бақытбек енесін қатаң бақылауда ұстайтын болып шықты

  • Фото: видеодан кадр/Instagram/aissaulebakytbek. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Фото: видеодан кадр/Instagram/aissaulebakytbek. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Отандық танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы енесін үнемі қадағалап жүретін болып шықты. Диляра Қайдарова келіні өзін қатаң бақылауға алғанын жайып салды. Айсәуле Бақытбек жолдасының анасына барынша сәнді болып жүруге қатысты өз кеңестерін береді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Paparazzi" бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Диляра Қайдарова ұлының әйелін бақылауда ұстаудың орнына, керісінше өзі келінінің қадағалауында жүргенін жасырмады. Белгілі онкологтың айтуынша, Айсәуле Бақытбек оның сәнді болып жүруіне жіті мән береді.

 

"Мені үнемі қадағалап жүреді. Мен өзімді қалай ұстау керектігімді, менің стилімді қатты бақылайды. "Сіз енді менің енемсіз ғой. Сіз ең сәнді әрі әдемі болуыңыз керек" деп айтады. Мен мүлдем қатал ене емеспін. Мен оны баламдай көремін. Әрине, Айсәулеге қарағанда ұлыма қаталдаумын. Келін түскелі үйде көңіл-күй жақсарды. Оған дейін мен екі ер адаммен тұрдым. Олар менің проблемаларды түсінбейтін. Енді Айсәулеге сырымды ақтарып, не кию керек, қалай істеу керек екенін ақылдаса аламын. Ол маған көп нәрсе үйретті. Екеуміз де бір-бірімізден көп нәрсе үйрендік", - деді дәрігер.

 

Алайда, жұлдызды ененің де келініне қояр талабы бар болып шықты.

 

"Біз оларға үнемі айтып жүреміз. Олардан немере талап етеміз. Бізге жоқ дегенде үш немере керек. Баян да Айсәулеге 30 жасқа дейін кем дегенде үш бала туып беруің керек деген. Немерелерді күтіп жүрміз. Олар енді ойланып, жұмысты бастайды деп ойлаймыз" , - деді Баян Алагөзованың құдағиы.

 




Көрілген: 3214    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.04.2020, 14:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31