Өркениет

«Айтыскер біреудің бұйрығын орындаса, жартылай ит бола бастайды» - Ринат Зайытов

  • © zakon.kz

    © zakon.kz

Айтыскер ақын Ринат Зайытов айтыстан көрінбей кеткенінің себебін айтты. Саясат пен билік туралы азаматтық пікірін ашық білдіретін суырыпсалма ақынды қазіргі таңда айтысқа қатыстырмайды екен. Бұл жайлы ол, "Шынайы Ақберенмен" бағдарламасына берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы.

 

Оның ойынша, қазіргі кезде айтыс саяси құралға айналыпты-мыс. Бұл күндері айтысқа қатысып жүрмеген ол, ақын әріптестерімен жақсы қарым-қатынаста екендігін жеткізді. Сондай-ақ ол, бір айтысқа қатысарда 5 шумақ дайындықпен баратынын жасырмады.

 

Бағдарлама жүргізушінің "Елдің ішінде мынадай бір әңгіме бар. Бір топ айтыскер бір қалаға барады. Бір жерде айтысады, Тура сол сценарийді басқа қалада да қойып жатады" бұған не дейсіз?", - деген сарындағы сұрағына: "Енді солай істейтін ақындар бар. Ол өздерінің ұятының еншісінде. Онда шаруам жоқ. Оларды "әртіскер-ақын" деймін", - деп жауап берді.

 

Әр сөзінің астары бар ақынның пайымдауынша, "Айтыскер ақын біреудің бұйрығын орындаса, қандай болсын, биліктің күші не оппозицияның күші болсын, біреудің бұйрығын орындағаннан кейін ол, жартылай ит бола бастайды. Оны айтақтайтын адамдар пайда болады" екен.

 

Мұнан бөлек ол, айтыста топ-топқа бөлінушілік барын айтып, ел ішіндегі митингілерге қатыспайтынын жария қылды.

 

"Неге қазір саясатқа бармаймын, неге минитнгілерге қатыспаймын!? Ашығын айту керек, ол халықтың пайдасына тимейді. Керісінше, зардап шегеді", - деді басынан сөз асырмайтын ақын.

 

Айтпақшы, Ринат Зайытов нашар әке екендігін жайып салды.

 

"Көп үйде болмаймын да, енді өтірік айтпай-ақ қояйын. Нашар әкемін шыны керек. Балаларым қазақшаға мүлде қызықпайды. Біздің Қазақстанда адам қызығатын ешнәрсе жоқ. Бәрін көшіріп алады, оның өзін дұрыс көшірсе бір жөн. Мен енді қызыма не деп айтамын? Жоқ, мынаны көр дейін десем, ондай нәрсе жоқ", - деп ақын телевизиялық бағдарламаларға көңілі толмайтынын байқатты.

 




Көрілген: 1356    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.05.2020, 16:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Тамыз, 12:41
    Тіл туралы 7 өлең

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30