Өркениет

Аз ақша табатын қарапайым полицейге тұрмысқа шықтым: Зарина Омарова күйеуі жайл

  • Аз ақша табатын қарапайым полицейге тұрмысқа шықтым: Зарина Омарова күйеуі жайл

    Аз ақша табатын қарапайым полицейге тұрмысқа шықтым: Зарина Омарова күйеуі жайл

Әнші Зарина Омарова &ldquoВремя&rdquo газетіне берген сұхбатында қатардағы полицейге қалай тұрмысқа шыққанын, 10 жыл үй шаруасындағы әйел болғанын айтты. 
Заринаның айтуынша, жолдасына өзі бір көргеннен ғашық болған. Оның ақшасы жоғына қарамастан, тұрмысқа шығуға келіскен.

 &ldquoОл кезде мен бәрінің қолы жетпейтін қыз болдым, жұлдыз болдым. Ол қарапайым отбасынан шыққан, аз ақша табатын жігіт еді. Ол маған сөз салуға да ұялатын. Сондықтан маған бәрін өз қолыма алып, оның маған ұнап жүргенін бірінші болып айтуыма тура келді&rdquo, &ndash деді әнші.

Тұрмысқа шыққан соң Зарина мансабынан бас тартып, бар уақытын отбасына арнады.

&ldquoМен барлық уақытымды балаларыма арнадым. Күйеуім балаларымның тәрбиесімен анасының айналысқанын қалаймын деді. Басқа бөтен әйелдің не күтушінің қарағанын қаламаймын деді. Мен онымен келістім&rdquo, &ndash деді әнші.

&ldquoЖолдасым жалақы әкелгенде киім-кешек алуға баратынбыз. Мен жолдасым мен балаларыма ғана киім алатынмын. Себебі өзім ешқайда шықпайтынмын. 10 жыл бойы күйеуімнің мансап жолында өсуіне көмектестім. Өз өмірімді өзгертіп, оны қолдадым. Ол органда қарапайым қызметкер болды. Ұлттық компанияда істеді. Мен онымен бірге әр қалада болдым. Жұмыс барысымен Нұр-Сұлтанға келдік. Өзімді ұмытып кеттім десе де болады. Ешқашан әнші болмағандаймын. Өзімді күйеуімнен жоғары қойған емеспін. Атағыммен мақтанған емеспін. Жолдасымды азамат ретінде құрметтедім. Тұрмысқа дейінгі жетістігіме жұмысым ретінде қарадым. Өмірде жақсы жар, бақытта ана болудан асқан бақыт жоқ&rdquo, &ndash деді Омарова.

Айтуынша, ол жолдасының ақымақ емес екенін білген, оның болашағы жарқын боларына сенген.

&ldquoОл аяқтан нықтап тұрған соң жақсы ақша таба бастады. Менің қайта сахнаға шығуыма көмектесті. Менің сахнасыз ешкім емес екенімді түсінді. &ldquoЕгер сен арықтасаң, қайта сахнаға шығарамын&rdquo деді. Сондықтан мен 6 айда 35 келі салмақ тастадым&rdquo, &ndash деді Зарина.
Әріптестері Заринаның қайта қалпына келіп, сахнаға шығатынына сенбеген.

&ldquoМен жобалардан көріне бастағанда көпшілігі таңғала қарады. Себебі маған өнерде жол жауып тастаған еді. &ldquoОл біраздан бері үйде отыр. Өзі қатты толып кетті&rdquo деп айтатын&rdquo, &ndash деді әнші.
Зарина үйде еден жуып, тамақ дайындауға жұмсаған жылдарымның сыйақысын қазір көріп жатырмын деп санайды.

Енді Зарина ән айтумен ғана шектелмейді &ndash ол телехикаяда рөл ойнады. Үлкен кинода басты рөлді сомдауға дайындалып жатыр.




Көрілген: 3352    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 17:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31