Өркениет

Азамат Сатыбалды өзін жалғыз ұлы ренжіткенін айтты

  • Азамат Сатыбалды өзін жалғыз ұлы ренжіткенін айтты

    Азамат Сатыбалды өзін жалғыз ұлы ренжіткенін айтты

Кино актер, театр әртісі Азамат Сатыбалды жалғыз баланың әкесі. Өзі көп балалы отбасының кенжесі. Әке тәрбиесін көріп өскен актер бүгінде жалғыз ұлына бар уақытын арнайды. Ұлының өзін ренжіткен сәттері болғанын жасырмайды.

Бұл туралы Ревю бағдарламасында айтылды. 

 
Азамат Сатыбалды отбасында 9 баланың ең кенжесі. Бала күнінен ерке болып өскен. Бастапқыда ата-анасына, үйленген соң жарыма еркеледім дейді өзі.

"Мен 9 ағайындымын. Ең кенжесімін. Әкем мені еркелетін өсірді. Қазірдің өзінде дүкеннен нан алып, мусор төгіп көрмеген адаммын. Уақытымның бәрін шығармашылығыма арнаймын. Әкемнің сондай аманаты бар. Азамат өнер адамы, уақытын соған ғана арнасын деп кеткен еді. Ағаларымның, інілерімнің өзі келіп менің үйімнің шаруасын істеп кетеді. Сондықтан мен бар уақытымды жұмысыма арнаймын", - деді Сатыбалды. 


Арғымағым мені аман алып қалды: Азамат Сатыбалды өлім аузынан қалғанын айтты


Азамат Сатыбалды мен жары Назгүл екеуінің жалғыз ұлы бар. Актер көп уақытын ұлына арнайынын айтты. 

"Жалғыз ұлым бар. Алла берген бір ғана балам бар. Көп балалы болғанды қаладық, бірақ біздің қалауымыз болмады. Он балаға татитын бір ұлы бере ме, бір балаға татитын он ұл бере ме, ол Алланың таңдауы. Сондықтан шүкір етем", - деді актер. 

Бүгінде актер жарымен Алматыда тұрып жатыр. Жары актриса Назгүл Қарабалина екі жыл бұрын елордадан Алматыға көшіп келген. Көп уақытын үй шаруасына арнайды. 

"Ұлым дипломат болғысы келеді. Бірде дипломат боламын, басқа боламын деп мамандығы жайлы айтып отыр. Тіпті ешкім бола алмасам, актер бола саламын деп мені ренжіткені бар. Бір күні кастингке жібердім. Актер болудың қиын екенін көзімен көрсін дедім. Сондан бастап, актер болу туралы ойынан айнып келді", - деді Азамат Сатыбалды. 

Биыл жаз айында Азамат Сатыбалдының 91 жастағы әкесі - Сатыбалды ақсақал дүниеден озды. 




Көрілген: 1685    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 19:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30