Өркениет

Азамат Зенкаев сахнада Ерке Есмаханға сезімін білдірді (видео)

  • Азамат Зенкаев. Фото: Видеодан кадр

    Азамат Зенкаев. Фото: Видеодан кадр

"Ninety One" тобының экс-әншісі Азамат Зенкаев "Маска" шоуына қатысып, қазылар алқасында отырған Ерке Есмаханға елдің көзінше сезімін білдірді. "Қайда" хитін орындайтын ару сүйіктісін танымай қалып, одан мұндай тосын сый күтпегенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Қалың көпшілікке A.Z лақап атымен танылған әнші "Маска" шоуына арнайы өз ғашығы үшін барған болып шықты. Оны өнер иесінің өзі сахнада тұрып мойындады.

 

"Ninety One" тобының бұрынғы мүшесі еш жасқанбастан Ерке Есмаханға сезімін білдіріп, оны "қабырғам" деп атады.

 

"Егер сен қасыңда жүрген мені танымай қалсаң, қалған қатысушыларды қалай таниын деп тұрсың? Мен осы жобаға келіп қатысқан себебім, қабырғама бір-екі ауыз сөз айтып кетейін деп едім. Бұл ән сұлу қызға арналған жігіттің сыры. Мені танымай қалғаныңа реніш жоқ. Бірақ, сағат 10:30 болып қалыпты, он бірде үйде бол", - деді Зенкаев.

 

Ерке Есмахан өз кезегінде Азаматтан оны танымай қалғаны үшін кешірім сұрап, оны өнердегі ең талантты әрі сымбатты жігіттердің бірі деп атады.

 

Бір-біріне махаббат көздерімен қараған әншілерге жоба жүргізушісі Жахан Отарғалиев қатты таңғалды.

 

Бұған дейін еш жерде ашық түрде сезімдерін білдірмеген жұлдыздар бұл жолы жаңалық жасады.

 

"Маска" шоуының бұл бөлімі желіде бірден көп қаралымға ие болып, елдің қызу талқысына қалды.

 

Көпшілік қос әншінің қарым-қатынасына қатысты түрлі пікірлермен бөлісуде.

 

 

 

 




Көрілген: 3785    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.04.2021, 17:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30