Өркениет

"Азия" және "Бақай" тобының әні афроамерикалықтардың арасында хитке айналды

  • Скриншот: qazaq.zhyldyzdary

    Скриншот: qazaq.zhyldyzdary

"Азия" және "Бақай" тобының "Опымай-опымай" атты танымал әні афроамерикалықтардың арасында хит болуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

 

"Азия" мен "Бақай" тобының әніне сүйсіне билеп жүрген шетел азаматтарының видеосын Instagram желісіндегі qazaq.zhyldyzdary парақшасы жария еткен.

 

Видеомын бөлісушілер аталмыш ән шетелдіктердің арасында хит болып жатқанын жазуда.

 

Видеодан үш афроамерикалық азаматтың "Опымай" әніне бірігіп билеп жүргенін байқауға болады. Жігіттердің екеуі көтеріңкі көңіл-күймен билеуге кірісіп жатса, үшінші жігіт әннің бейнебаянына үңіле қарауда.

Ол билеп жүрген досын видеоны бірге тамашалап, клиптегі бидің қимылдарын қайталауға шақыруда.

 

Жігіттердің бірі "Опымай" әнін атақты оңтүстіккореялық әнші Psy-дың Gangnam Style әніне ұқсатқан.

 

Видео үш жігіттің де бейнебаянды тамашалап, клиптегі бидің қимылдарын қайталап жатқан жерінен үзіледі.

 

Желі қолданушылары шетелдіктерге өз туындысын мойындатқан "Азия" және "Бақай" тобының әншілеріне мақтауларын жаудырды.

 

"Керемет", "Зор", "Жарайсыңдар, осылайша Қазақстанды әлемге әйгілі еткен әншілерге рахмет", "Бізде әлі хит қой бұл музыка", "Мәңгі хит", - деп жазған желі қоданушылары.

 

Айта кетсек, "Опымай" әні тыңдармандарға жол тартқан күннен бастап небәрі бір айда 10 миллионнан астам қаралым жинап, елімізде ерекше танымалдыққа ие болған еді.

 




Көрілген: 4976    Пікірлер: 0

сенбі, 13.02.2021, 09:23

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30