Өркениет

Бағлан Әбдірайымов: Досым жансақтау бөліміне түскен соң вирусқа сене бастадым

  • https://kaz.nur.kz/

    https://kaz.nur.kz/

Еліміздегі эстрада жұлдызы, "Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов соңғы кезде елімізде болып жатқан оқиғаларға қатысты пікір білдірді. Әнші оңтүстік өңірдегі су тасқыны мен әлемді жайлаған коронавирус індеті туралы ойымен бөлісіп, карантин кезінде қандай сабақ алғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

"2020 жыл еліміз үшін де, әлем үшін біршама қиындықпен басталды. Алдымен әлемді коронавирус жайлап, бүкіл әлем тұмшаланып алса, кейін өзім туып-өскен оңтүстік өңірді су басты. Жалпы, Мақтааралдағы жағдайды құдайдың ісіне бұра алмаймын. Бұл - екі қолды адамның қателігінен болған апат. Адамдардың жауапкершіліктен ада, ар-ұяттан жұрдай болып кеткенінің көрінісі. Есегінің судан өткенін ғана қалайтындардың кесірінен мыңдаған адам тентіреп кетті. Қазір қауіптің беті бері қарап келеді. Атқамінер ағаларымыз бар, өнер адамдары бар, әрқайсысы қолдан келгенше көмек көрсетіп жатыр. Жаңадан үйлер салынып, суға кеткен ауыл тұрғындары қалыпты өмірге қайта ораларына сенемін",- дейді әнші.

 

Әбдірайымов вирус туралы алғаш айтыла бастағанда аса сене қоймағанын, жағдайға атүсті қарағанын жасырмады. Бұл да бір тез өтіп кететін дүниедей көрінді дейді ол.

 

 

"Осылайша, немқұрайлы қарап, онша сеніңкіремей жүргенде 12-ауруханадағы жақсы сыйласатын дәрігер досымның жансақтау бөліміне түскенін естідім. Міне, осы сәтте мен індеттің қаншалықты қауіпті екенін түсініп, шоши бастадым. Пандемия басталған кезде өзім де салқын тиіп, аздап сырқаттанып қалғаным бар еді. Оған вирус дүрбелеңі қосылып, өзім де біраз қауіптендім. Адамның ойша ауырғаны да жаман екен. Қазіргі карантин шаралары көп адамға сабақ болды. Үйден бір қадам шықпай, қамалып отырғанда біраз нәрсені ой елегінен өткіздік. Құдайдың алдында дәрменсіз екенімізді адамзат тағы бір сезінді деп ойладым. Соңғы кезде мақтанға салынып кеткеніміз, тәкаппарлыққа бой алдырғанымыз бар. Осы індет бәрімізді сабамызға түсірді деп ойлаймын. Әр адам карантин кезінде өмірлік сабақ алғаны рас", - деп ағынан жарылды эстрада жұлдызы.

 




Көрілген: 1297    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.05.2020, 18:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30