Өркениет

Бағлан Әбдірайымов қалың көпшілікке өзінің жанайқайын жеткізді.

  • Бағлан Әбдірайымов қалың көпшілікке өзінің жанайқайын жеткізді.

    Бағлан Әбдірайымов қалың көпшілікке өзінің жанайқайын жеткізді.

 "Жігіттері" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов қалың көпшілікке өзінің жанайқайын жеткізді. Өнер иесі 42 500 теңге жәрдемақы алғаны үшін желіде аяусыз сынға ұшыраған. Жұртшылық өнер иесін жағдайы жақсы бола тұра, мемлекеттен көмек алды деп сөккен. Алайда, ол халық секілді өзі де қаржы тапшылығын басынан өткеріп жатқанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағлан Әбдірайымов өзін сынап тастаған көпшілікке Instagram желісі арқылы жауап берген. Ол өзінің жеке парақшасында арнайы жазба жариялап, жағдайдың мән-жайын түсіндірген. "Менен сұхбат алған журналистердің сұрағына бүкпесіз жауап беремін. Бір сұрақтары: "Мемлекет берген 42500 тг алдыңыз ба?” - деген болды. “Иә” деп жауап бергенімді айттым. Оны қалай жаратқанымды айтпадым. Айтсаң: “42 миллион 500 мың қайырымдылыққа бергендей не болды?” - деген пікір айтпаса да белгілі. Айтпағым, менің де бала-шағам Қазақстан мемлекетінің ұрпағы, өздерінің несібесі десең: “Сендер аш емессіңдер” - деген пікір міндетті түрде келеді. Жалпы, ешкімге жақпайсың. Бәрі ашулы, түсінемін. Сіздердегідей жетіспеушілік менде де бар. Алла тағала әркімге шамасы келетін сынақ беретін менен жақсы білесіздер. Тек, әр пендесіне берген ризығына ортақтасып, сөз қылып, қызғанып күнәға батып кетпесе екен деген шын тілегім бар! Өлшеп берген дәм - тұзы қай аялдама да бітетінін ешкім білмейді. Онда неге өлмейтіндей өсекке құмармыз? Бөтен инстаграмдағы пікірді оқып қалсаң шошисың. Не деген коменттер? Ненің азабы? 

Мейлі, бас аман болсын! Жанталасып, жан бағып жүрген пақыр пенделерінің үмітін Алла тағала ақтайды деген күмәнсіз тілек айтамын! Санаулы қазақтың талай атұстарлары өмірден озып кетіп жатыр. Азғантай қазақтың қадіріне жетейікші! Менің сіздерден артық, сіздерде менен артық ешкім жоқ екенін білемін. Таңертең аш құрсақпен ұшып кеткен құсты тойдырған Алла махаббатпен жаратқан пендесін аш қалдырмас. Елдің еңсесі көтеріліп, бауырға басып, ағайынды еркін аралайтын күнде жолығайық" , - деп жазды ол. 

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 4231    Пікірлер: 0

сенбі, 08.08.2020, 18:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Тамыз, 12:41
    Тіл туралы 7 өлең

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30