Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бағлан Әбдірайымов құмар ойын жайлы фильм түсірмек

09 тамыз 2022, 13:02

Бағлан Әбдірайымов кино саласына бет бұрды. Әнші құмар ойынның құрығына түскендер жайлы фильм түсірмек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әншінің өзі бір кездері казиноға бас сұғып, 200 мың доллардан айырылдым деген еді. Кейін құмар ойынның зардабын түсініп, шырмауынан шыққан әнші көпке үлгі болсын деген ниетпен кітап жазды. Енді фильм түсіруге ниеттеніп отыр. 

“Ақ пен қара” кітабы шыққалы кино түсіру жайлы ұсыныстар мен пікірлер көп келген. Одан кейін, адасқан бауырлармен де жиі кездесіп жүрдім. Парақшама келген сұрақтардың легі күн санап көбеюде. Бүгінде құмардың құрығынан бір жігіт шықса, он жігіт бас сұғып үлгереді. Бізден алдын карта ойнаса, күні кеше КАЗИНО, одан букмекерлік контора белең алып еді, енді онлайн КАЗИНО, ставка секунд санап дамып жатыр. Яғни адамның санасы оянбаса, құрыққа түсуі оп оңай. Бұның шешімі біздің тараптан қандай?


Кино болып тұр. Сценарист жігіттерге тәуекел деп 60 мың теңге төледім. Ары қарай миллиондаған қаражат керек. Табам деп ойлаймын. Жалпы осы. Тәуекел! Сіздер де тілеулес болып отырыңыздар. Болған, естіген оқиға болса, айтар ой болса, жазыңыз. Ұнаса КИНОҒА қосармыз", – деп жазды Әбдірайымов Instagram парақшасында.

Stan.kz