Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

БАҚ пен қайырымдылық ұйымдарының байланысы талқыланады

16 сәуір 2011, 11:33

Бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі қазақстандық қоғамда қайырымдылық институттарын дамытуға атсалысуы тиіс. Осындай ұранмен мамырдың 20-сында Алматыда «Қазақстандағы қайырымдылық» атты ІІ халықаралық конференция өтетінін тағы да хабарлаймыз. Шараны ұйымдастырушылар – Қазақстанның қайырымдылық ұйымдары қауымдастығы, «Аяла», «Бауыржан» қайырымдылық қорлары және ҚР Тұңғыш Президенті қоры.
«Бұқаралық ақпарат құралдары және қайырымдылық» деп аталатын басқосуға БАҚ, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да қоғамдық-мемлекеттік бірлестіктер қатыс­пақшы. Бұл ғылыми-практикалық конфе­рен­цияның мақсаты – әлеуметтік саясат пен қайырымдылық саласындағы жетекші қайырымдылық қорларының, отандық және халықаралық мамандардың қайы­рымдылық институттарын дамытуға қа­тысты пікір мен тәжірибе алмасуына жағ­дай жасау. Басқосуда массмедианың қызметі егжей-тегжейлі талқыланып, БАҚ пен қайырымдылық ұйымдары арасында серіктестікті нығайту нәтижесі көзделмек. Жиында оқылған баяндамалар арнайы жинаққа енгізіледі. Ол үшін қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде жазылған көлемі сегіз беттен аспайтын материал­дарды сәуірдің 20-сына дейін askar@pochta.ru электронды мекенжайына жол­дау қажет. Материалдар төмендегі талап­тар бойынша іріктеледі:
– мәселе өзектілігінің ашылуы;
– ғылыми маңызы;
– қолданбалы сипаты;
– кең ақпараттық қамту;
– материалдың қазақ, орыс және ағыл­шын тілдерінде резюмесінің болуы.