"Бақытты болғың келсе, 10 мың теңгеге курс сатып ал": Мұхаммеджан Тазабеков қыз-келіншектерді бақытты етпек

25 қаңтар 2023, 17:07

Бүгінде Түркияда тұрып жатқан айтыскер ақын, "Асыл арна" телеарнасының бұрынғы басшысы Мұхаммеджан Тазабеков қыз-келіншектерге арналған онлайн семинар өткізбек, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

 

Бұл туралы айтыскер ақын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

 

«Қыздың жүрегі - құс қанатынан нәзік, қыз сыры - теңіз суынан терең, қыз уайымы - бұлттан ауыр…

Бір қыздың бақытты болуына себеп бола алсақ, уақытымыздың бекер кетпегені, қазақ қыздарына қамқор болып жүре алсақ, өміріміздің бекер өтпегені!» - деп жазды айтыскер ақын.

 

 

Айтыскер ақынның жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

"Бұл өзі шетелде жүр емес пе?", "Аңқау елге, арамза молда", "Шынымен осындай семинар өтіп жүрсе, ұят екен" деп пікір қалдырған желі қолданушылары.