Өркениет

Бала тәрбиелемес бұрын алдымен өзімізді тәрбиелегеніміз жөн – Айнұр Ілиясова

  • https://www.youtube.com/

    https://www.youtube.com/

Актриса, тележүргізуші, қоғам қайраткері Айнұр Ілиясова 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бала тәрбиесіне қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қазір тележүргізуші декреттік демалыста. Ол 3,5 және 1,2 жасар екі қызды тәрбиелеп отыр.

 

«Отбасы институтын нығайтуға бағытталған қоғамдық қор ашқан болатынбыз. Сол қордың арқасында түрлі форумдар, фестивальдер ұйымдастырдық. Мұның барлығын өзімнің ата-аналық деңгейімді көтеру үшін жасадым. Біз ата-ана болу үшін де көп оқуымыз керек. Заман өзгерді, уақыт өтіп жатыр. Біздің бұрынғы тәрбиеміз өзекті емес. Енді ата-аналар баланы емес, өзін тәрбиелеуі тиіс. Қазір біз өз балаларымызға модель болуымыз керек. Қазір біз оларға «авторитет» емеспіз. Бұрын біз «ұшақ қалай ұшады, қағаз қалай жасалады?» деп бәрін сұрайтынбыз. Қазір балалар оның бәрін ютубты ашып, өзі біліп алады», - дейді Айнұр Ілиясова.

 

Оның ойынша, ата-ана ең алдымен балаға серік болуы керек.


«Балаға ұрыспай түсіндіруге тырысамын. Бірақ, ешқашан қол көтермедім демеймін. Ұрыспай бала тәрбеиелеуге келе жатырмын. Әр уақытта баламен сөйлескенде «болмайды» деп қана қоймай, неге болмайтынын түсіндіруге тырысамын. Себебін ұғындырам. Баланы әр уақытта құшақтап сүю, жақсы көретініңді айту керек. Отбасында бәрі дұрыс болмаса, басқа жерден бақыт іздеп керек емес», - дейді Айнұр.

 

Тележүргізуші балаларды қазіргі ақпарат ағынының қажетсіз бөлігінен, әділетсіздіктен, тым еркелетуден, қоғамның агрессивті шабуылдарынан қорғау керектігін еске салды. Ол бүгінгі балалар мейрамын отбасының ортасында атап өтпек.


 




Көрілген: 583    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.06.2020, 00:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Маусым, 00:38
    Неге сонша бүліндік?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31