Өркениет

Балғымбек Имашев жұртты сетевой маркетингке шақырып жатыр

  • https://www.instagram.com/balgynbek_imash/?utm_source=ig_embed

    https://www.instagram.com/balgynbek_imash/?utm_source=ig_embed

«Тағдырымды вакцинаға емес, Аллаға тапсырдым» деп жұртты вакцина алмауға шақырған айтыскер ақын Балғынбек Имашев енді қаржы пирамижасының құрсауына түскен сыңайлы. Имашев мырза өзінің Instagram парақшасын «Аманат Хоум» деп аталатын бір желілік маркетингтің жарнамасына айналдырып алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

«Ал, достар! Сіздермен бөлісетін жаңалығым бар. Алла бұйыртса, "Аманат Хоум" компаниясы айналасындағы дау-дамайдың арқасында осы кооператив туралы біраз зерттеп, тікелей жұмысын бақылау үшін осы салада біраз жұмыс атқарсам деп шештім. Себебі, менің ұсынуымен, жарнамама сеніп, кооперативке қаржы салған адамдар күн сайын жекеме хабарласып, күмән мен күдіктен арылу үшін бастаған шаруаны аяғына дейін жеткізуімді сұрауда.

 

Менің сырттай тон пішіп, бәрі дұрыс, немесе бұрыс деп үкім, пәтуа беруге хақым жоқ. Себебі, ақыретте, Алла алдында әр сөзім мен әр ісім үшін жауап беретінім анық.

 

Оқи отырыңыз: «Вакцинацияға мәжбүрлесе көшеге шығып, қару алып соғысамын» - Балғынбек Имашев

 

Осыған дейін өмірде көп қателестім, танымайтын жандарға сендім, тіпті, ең жақын араласқан адамдардың да өзім еш күтпеген әрекеттерін көрдім. Ол ақымақтығым ба, аңғалдығым ба, білмедім, бірақ, үлкен сабақ болды. Ендігі уақытта сол өмір атты ұстаздан алған дәрістерімді өзімнің қателеспеуім үшін, бір айыпты қайталамауым үшін жаныма жақсылап сақтаймын.

 

Және бір айтарым: алдағы уақытта да "Аманат-Хоуммен" бірге боламын. Және, осы бағдарламаға сеніп, баспаналы болмысы келетін әр салымшының хақын қорғаймын.

 

Ендеше, бұрынғы салымшылар еш өкінбесін, уайымдамасын. Жаңа салымшыларды "Аманат Хоумға" шақырамын», - деп жазған өзінің Instagram парақшасында.

 

 

 




Көрілген: 1544    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 19:24

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30