Өркениет

Балғынбек Имашев Ахметбек туралы ащы шындықты айтып, пікір білдірді

  • https://www.oinet.kz/

    https://www.oinet.kz/

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланың әншілерді шегірткеге теңеген сөзіне өз пікірін білдірді. Бұл туралы ол өзінің "Instagram" парақшасында жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz.

 

Балғынбек Имаш өз жазбасында кәсіпкердің бұл сөзін қолдайтындығын жеткізді. - Ахметбек Нұрсила деген азаматты аса жақсы танымаймын. Соңғы жылдары әлеуметтік желіде әртүрлі тақырыптағы әңгімелереін көзім шалып қалады. Тренингтегі кейбір іс-әрекеттері, эмоция шығарып билеп жатқаны, ислам туралы кейбір пікірлері мүлде жақпайтын. Бірақ, қазақты білімге, ғылым үйренуге, кәсіп үйренуге шақырып, сол жолда жанкештілікпен еңбек етіп жүргеніне жүрегім жылып қалады. Әсіресе, отаншылдықты насихаттауына, Алаш идеясын жаңғыртуға, рухани тәрбиеге қатысты жанайқайына толық қосыламын. Бүгін, лотореяға қатысты "Астарлы ақиқатқа" қатысқан хабарын көріп әртүрлә ойға баттым. Әрине, мені өнердегі әріптестерім қолдай қоймас, тіпті, жау деп қабылдар. Бірақ, Ахметбек ағаның "шегіртке" деген сөзі орынсыз емес. "Ыршып жүріп ән салған" өнерпаздар түгілі, бұл теңеу жалпы қазақтың бүгінгі сиқына дәл келетіні - ащы болса да шындық! - дейді айтыскер ақын.

 

Еске сала кетейік, Ахметбек Нұрсила "Астарлы ақиқат" бағдарламасында әншілерді шегірткеге теңеген болатын.

 




Көрілген: 3478    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.05.2020, 11:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30