Өркениет

Балғынбек Имашев вакцина салдырмағандарға 500 баспана сыйламақ

  • Балғынбек Имашев вакцина салдырмағандарға 500 баспана сыйламақ

    Балғынбек Имашев вакцина салдырмағандарға 500 баспана сыйламақ

Айтыскер ақын, қоғам белсендісі Балғынбек Имашев вакцина салдырмағандарға 500 баспана сыйлайтынын хабарлады, деп жазады Stan.kz.

"Көп адамдар жекеме хат жазып мәжбүрлі, міндетті вакцинация туралы неге жазбайсыз дейді…

 
Көп адамдар "Аманат Хоум" туралы посттарыңызды неге алып тастадыңыз, неге жарнамалауды тоқтаттыңыз дейді…

Көп адамдар көмек сұрап, алғашқы 35% жарна салуға ақшамыз жоқ, "Аманат Хоум" арқылы тегін үй алып беріңізші дейді…

Көп адамдар…

Ия, Мен жалғызбын! Бірақ менің барлық құлдарына қамқорлығы жетіп артылатын ЖАЛҒЫЗ, ӨТЕ ҚҰДІРЕТТІ, МЕЙІРІМДІ РАББЫМ бар!

Мәжбүрлі Вакцинацияға қарсы мен ештеңе жасай алмаймын!

Өйткені, оның жарнамасы да, ұялы телефон, ақша, көлік, тіпті, пәтер тігіп елді тарту, қызықтыру, қала берді қорқыту, міндеттеу, қоқан-лоққы жасау сияқты түрлі насихаты мен нақты әрекеттері жаппай белең алып кетті.

Бірақ, Мен де қарап жатпайын, қайырымдылық қорын ашайын! Қазағым үшін әрекет етейін!

Алла бұйыртса, ҰТЫС жариялаймын!

Вакцина алмағандар үшін! Алыңдар деп желіге салмағандар үшін!
Балғынбектен 500 баспана! Бес емес, бес жүз! Ұтыстың шарттарын алдағы уақытта жариялаймын!" - деп жазды айтыскер.

Айта кетейік, Балғынбек Имашев - вакцинаға қарсы қоғам белсенділерінің бірі. Айтыскер бір жазбасында 6 перзентінің үшеуіне екпе салдырмағанын жазған болатын. Сөзіне қарағанда, вакцина алған алғашқы үш баласынан қарағанда алмаған кейінгі үш баласының денсаулығы жақсырақ. 




Көрілген: 927    Пікірлер: 0

жұма, 02.07.2021, 09:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30