Өркениет

Балғынбек Имаштың өлеңі елді жылатты

  • https://kaz.caravan.kz/

    https://kaz.caravan.kz/

Отандық танымал ақын Балғынбек Имаш қатерлі індет құрбандарына арнап өлең шығарды. Ол күні кеше ғана думандатып жүрген халқының кенеттен қара жамылып, күнде қайғы-қасіреттен көз ашпай жатқанын сөз етті. Айтыскер қауіпті вирус салдарынан еліне еңбегін сіңірген бірқатар мықты мамандардың қаза болғанына күйінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Балғынбек Имаш Жалпыұлттық аза тұту күнінде коронавирус індетінен қайтыс болған науқастарға арнаған өлеңін ел назарына ұсынды.

 

Белгілі ақын "Қаралы күн" атты аса әсерлі туындысын Instagram парақшасында жариялаған.

 

Жетсек те аман-есен күнде ақшамға,

Кім кетіп, кім жетері жұмбақ таңға.

Жаралы жанын емдем жұртымыздың,

Көз-жасын сорғалаған құрғатшы, Алла.

 

Кеше еді: күнде думан, күнде отырыс,

Ал, бүгін: күнде қайғы, күнде өкініш.

Емхана, мәйітхана азан-қазан,

Тойхана, мейрамхана мүлде тыныш.

 

Журналист, ақын, имам, қажы кетті,

Дәрігер, сот, прокурор, қазы да өтті.

Тоқтай ма мына тұмау? Табиғаттың,

Қысы емес, көктемі емес, жазы жетті.

 

Толассыз суық хабар зарға көміп,

Жатады күндіз, кешке, таңда келіп.

Сұрапыл соғыста да күн құрғатпай,

Дәл мұнша "қара қағаз" алмап едік.

 

Хабарын өлім-жітім естіп-естіп,

Даламыз зар илейді өксіп-өксіп.

Үрейден құйрықмай жеп, қымыз ішіп,

Қазақ боп кетсек жақсы өстіп-өстіп.

 

"Жазмыштан озмыш жоқты" естіп өстік,

Нәпсімен бес намазда бес күрестік.

Тмин ішіп, Қист тұтатып, тәубәға кеп,

Мұсылман болсақ жақсы өстіп-өстіп.

 

Ия, Раббым, өзі беріп, өзі алатын,

Қырғынға түріміз жоқ төзе алатын.

Жоқтаған Жүсіп ұлын Жақып құсап,

Халықтың болып қалды көзі ағатын.

 

Өлген соң пәтеріміз бәрібір - Көр,

О жаққа "ордер" алды тағы кімдер?

Айыбын мойындаған құлдарыңа,

Аюбтың төзімі мен сабырын бер!

 

Күніге сынып, солып гүл бақшамда,

Жан үшін жүріп жатыр қымбат сауда.

Қыршынын аза тұтқан аз қазақты,

Жылата бермей көзін құрғатшы, Алла!

 

 

 




Көрілген: 4012    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.07.2020, 14:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31