Өркениет

Балжан Бидаш: Әншілер арасында сезім білдіргендер бар, "тоқалым бол" деп ұсыныс айтқандар да болды

  • Балжан Бидаш: Әншілер арасында сезім білдіргендер бар,

    Балжан Бидаш: Әншілер арасында сезім білдіргендер бар, "тоқалым бол" деп ұсыныс айтқандар да болды

"Kesh you" тобының бұрынғы әншісі Балжан Бидаш бүгінде өз алдына жеке әнші болып топтан бөлінді. Сахнаға жеке орындаушы ретінде енді шығып жүр. Әнші топта жүргенде өнер адамдары арасында өзіне сезімін білдіріп, тіпті тоқал болуға ұсыныс айтқандар болды дейді.
Бұл туралы "Ревю-онлайн" бағдарламасында айтылды.

Балжан Бидаштың пластикалық ота жасатқаны рас па? Шоу-бизнес өкілдері арасында сезімін білдіргендер болды ма? 42500 теңге жәрдемақыны қайда жұмсады? Бұл туралы әншінің өзі айтты.

"Қазір ауылымда, Қызылорда облысында демалып жатырмын. Ата-анамның ақшасына күн көріп жатырмын. Бұл жақта таза ауа. Ел секілді 42500 теңге жәрдемақы алдым. Менен желі арқылы көмек сұрайтындар көп. Мәселен, 2000 теңге берші, 5000 теңге берші деп сұрайды. Ақшаны соларға аудардым", - деді әнші.

Балжан Бидаш "Kesh you" тобынан дау-дамайсыз, продюсер Баян Мақсатқызымен достық түрде кеткен әншінің бірі. Әнші келісім-шарт аяқталғанша тұрмысқа шықпау керек деген келісімнің барын айтады. Бұзылған жағдайда 13-15 млн теңге айыппұл төлеу керек болады.

"Егіздің сыңары": Балжан Бидаштың 27 жастағы сүйіктісі туралы не білеміз

Балжан топта өнер көрсетіп жүргенде Жұлдыз Өмірғалимен ұрысып қалатын сәттердің көп болғанын айтады. Ал, Айдана Меденованың орнына өзі ән айтқан кездері болған.

"Өнер адамдары арасында маған сезімін білдіргендер болды. Бірақ кім екенін көпшілікке жариялай алмаймын. "Тоқалым бол" деп ұсыныс айтқан қалталы азаматтар да болды. Мен өзім жолдасымның әнші не әртіс болғанын қаламайтынмын. Бірақ болашақ жұбайым шоу-бизнес әлемінен алыс емес", - деді әнші.

Балжан Бидашқа сүйктісі сахнада сезімін білдіріп, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған еді. Әнші көктем айларына жоспарланған тойының карантинге байланысты кейінге қалғанын айтады.

"Таразға сүйіктімнің үйіне барып келдім. Тамақ жасап бердім. Жақындарымен таныстым. Оны өз отбасыммен де таныстырдым", - деді әнші.

Балжан Бидаш пластикалық отаға жүгінгенін мойындады. Көзі мен мұрнына ота жасатып, өзгеріс енгізгенін ашық айтты.  




Көрілген: 765    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.05.2020, 17:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Тамыз, 12:41
    Тіл туралы 7 өлең

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30