"Балкон көрсем, жүрегім ауырады": Төреғали Төреәлі Павлодардағы оқиғаны еске алды

25 мамыр 2022, 11:34

Төреғали Төреәлі еліміздің қалаларының біріндегі концертте Павлодардағы оқиғаны еске алып, көрерменмен әзілдесті. Әнші осыдан бірнеше жыл бұрын өзіне айқайлаған қарт кісіні залдан қуып, дауға қалған болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Балкон көрсем жүрегім ауырады. Біреу айқайлайтын сияқты көрінеді", — деді әнші.

Әзілдің астарын бірден түсінген көрермендер күліп жіберді. 

Еске салай кетейік, 2017 жылы Төреғали Павлодарда өткен концертінде қарт кісімен ерегіскен болатын. Ол өзіне ескерту жасаған қарияны залдан қуды. Бұл әрекеті үшін ТТТ-ның басы үлкен дауға қалды. Халық әншіні аяусыз сынға алды. Кейін елдің өкпе-назы басылды.
Тіпті, әншінің сол кездегі: "Шығып кетсін ба, ағайын?" - деп айтқан сөзі ел арасында әзіл сөзге айналып, ән мәтіндеріне енген еді.