"Бәрін бердіңіз": Нұрлан Қоянбаев әкесіне алғысын білдірді

30 сәуір 2022, 13:12

Отандық танымал кинопродюсер әрі актер Нұрлан Қоянбаев желіде әкесіне жантебірентерлік жазба арнап, оған деген махаббатын жеткізді, деп хабарлайды Nur.kz.

Өнер иесі өзінің өмірлік мақсаты әкесінің үмітін ақтау екенін айтты. Ол бүгінгі жетістістерінің барлығы әкесі берген тәрбиенің арқасы деп біледі. Қоянбаев Instagram парақшасында әсерлі жазбамен қатар, отбасылық мұрағаттағы суреттерін жариялады.

"Әкешім, бала кезде де, осы жаста да өзгеден кем етпей бәрін бердіңіз: махаббатты да, жылулықты да аямадыңыз. Бүгін осы жасқа келіп, есейсек те, өзіңіздің сол баяғы кішкене балапандарыңыз боп қала бермекпіз. Сіздің тәрбиеңізді алып, үмітіңізді ақтау – өмірлік мақсат. Біздің қуанышымыз, асқар тауымыз боп жүре беріңіз! Ғұмырлы болыңыз! Тәтті немерелердің қызығына тоймай жүруді жазсын", - деп жазды Нұрлан Қоянбаев. 

Nur.kz.