Өркениет

"Бәріне Қайрат пен Аргония кінәлі": Алтынбек Тәшімбетов әншілер туралы жаңа заңға қатысты өз ойын айтты

  • "Бәріне Қайрат пен Аргония кінәлі": Алтынбек Тәшімбетов әншілер туралы жаңа заңға қатысты өз ойын айтты

Танымал әнші Алтынбек Тәшімбетов мәдениет министрілігі ұсынған жаңа заңға өз пікірін айтты. Жаңа заң бойынша әншілер концертінде фонограммамен ән айтатынын көрерменге ескертпесе, мас күйінде сахнаға шықса, әкімшілік жазаға тартылады. Алтынбек Тәшімбетов мұндай заңның шығуына Қайрат Нұртас пен Аргонияның "Маскүнем" деген әні "кінәлі" деп қалжыңдады. Бұл туралы ол "Алматы" телеканалының "Таңғы студио" бағдарламасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сұқбат барысында Алтынбек Тәшімбетов фонограммаға байланысты заңды қолдайтынын айтты.  

 
"Заң дұрыс. Жанды дауыста айтуға мен де қосыламын. Бүкіл фонограмманы алып тастай алмайды, бірақ шектеулер қоя алады. Халық неге бара жатқанын білуі керек. Концерт толықтай фонограмма болады десе, билет құны арзан болады. Ал толығымен жанды дауыста өтетін болса, сәйкесінше билет қымбаттайды. Жартылай жанды, жартылай фонограмма болатын болса да халыққа ескертілуі керек. Өзбекстанға барғанымда осыны байқадым. Ол жақта фонограмма болатынын білсе де халық концертке жиналады", - дейді ол.

Оның пікірінше елімізде мас болып сахнаға шығып жатқан әнші жоқ. Мұндай заңға Қайрат пен Аргонияның "Маскүнем" дегені әні "кінәлі" деп қалжыңдап жауап берді.

"Ал мас күйінде сахнаға шығу дегенге, меніңше, Қайрат пен Аргония "кінәлі" сияқты. "Маскүнем" деген әнді айтқаннан кейін...(күліп) Негізінен сахнаға тілі күрмеліп, мас болып сөйлей алмай шығып жатқан әнші жоқ. Әншілердің мас күйінде сахнаға шығады деген ой бұрыннан қалып қойған секілді. Бұрындары "батылдық үшін" деп ішіп шығатындары болатын. Бірақ қазір көп әнші намаз оқып, иман жолына түсіп жатыр. Сахна киелі екені ұмытпайық", - дейді әнші Алтынбек Тәшімбетов. 




Көрілген: 675    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.09.2020, 20:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31