Өркениет

"Баршылықта жанында шашбауын көтерген атақты аға-апаларымыз қаптап жүретін": Түсіпбаева Сиви Махмуди туралы

  • "Баршылықта жанында шашбауын көтерген атақты аға-апаларымыз қаптап жүретін": Түсіпбаева Сиви Махмуди туралы

Бүгін танымал әнші Сиви Махмудидің туған күні. Осыған байланысты өнердегі әріптесін төл мерекесімен құттықтаған Меруерт Түсіпбаева желіде жантебірентерлік жазба қалдырып, Сиви туралы өз ойын айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Меруерт Түсіпбаева бір саланың пұшпағын илеп жүрген әріптесімен биыл ғана жақын танысқанын айтты. Ол бастапқыда Сиви Махмудимен дәулеті үшін араласа алмағанын жасырмады. Себебі қарапайым отбасында өскендіктен, Сивиді түсіне алмаспын деп ойлайтынмын, дейді.

«Негізі, әр айел жұмбақ... Әсіресе, өнердегі арулар.... Кей әртістер сырт көзге, мөлдір , тұнық , қазақи көрінгенімен, жақын таныссаң, одан безіп: «Енді ешқашан көріспесек екен. Құдай жол сапарға бірге шығармаса екен», - деп тілеген кездерім де болды... Өйткені адаммен жылдар бойы араласып, оның нақты қандай екенін жолға шыққанда ғана аңғарасың. Ақиқат!

Биыл мен өзім үшін жұмбақ жан Сивимен жақын таныстым... Әрине, бұрын той-томалақтарда көрісіп жүретінбіз. Сауық-сайран, баршылықта Сивидің жанында шашбауын көтерген атақты аға-апаларымыз, замандастарымыз қаптап жүретін... Шыны сол, Сивиден тартынатынмын... Құрметтеп, «әпке» деп тұрса да, тең-теңімен, тезек қабымен деген ойларым болатын... Мен қарапайым отбасында өскендіктен, Сивиді түсіне алмаспын деп ойлайтынмын», - деп жазды Түсіпбаева Instagram-да.

Өнер иесінің сөзінше, оның Сивимен жақын танысуына марқұм Жанар Хамитова себеп болыпты.

«Биыл бізді Жанар қосты... Сиви: «Астарлы ақиқатқа» келіңізші», - деп хабарласқанда, аяғым гипсте, балдақпен отырмын. Сондықтан бара алмаймын деп, бас тарттым... Соңынан бардым... Бару керек болды...

Осы жобадан кейін, мені халық қанша жамандаса да өкінбеймін....Сиви сияқты, мен де адасқан, қажыған адамды демегім келді... Өзімше...», - дейді әнші.

Сивидің марқұм Жанар Хамитовамен жақын араласып, қиын сәтте қолдау көрсеткені рас. Сондықтан әншінің мезгілсіз қазасы оған қиын тиді. Өз жазбасында Түсіпбаева ауыр қазаға байланысты Қарқаралыға аттанған Сивидің жанынан өнердегі әріптестерінің табылмағанын айтып ашынды.

«Жанардың жаназасына барарда, неге Сиви жанына еріп баратын бір өнер адамын таппады?! Дір-дір етіп, өнердегі құрбысын жоқтап, сонау Қарқаралыда солқылдап жылаған Сивиді жұбатып, демеуге олар неге асықпады екен.... Оның талай қуаныштарында сайран салған өнерлі жандар қайда кетті екен...», - деп жазды ол.

Сөз соңында әнші Сиви Махмудиден қуанышты күнінде мұңлы естелікті қозғағаны үшін кешірім сұрады. Сондай-ақ, оның үлкен жүрек иесі екенін атап өтті.

«Сиви, кешір... Бүгін сенің туған күніңде көңілсіз сәттер туралы жазсам... Алла Тағала дәулет, танымалдылық деген сияқты бақпен қоса, саған сәбидің тазалығын, шынайылық, өте үлкен жүрек сыйлаған екен», - деп түйіндеді Түсіпбаева.




Көрілген: 1628    Пікірлер: 0

жұма, 15.11.2019, 19:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31