"Бас кетті": бір ғимаратқа жиналған маньяктар жұртты шулатты (ВИДЕО)

20 ақпан 2022, 19:04

Актерлар, дәлірек айтсақ, Salem Social әлеуметтік желі контентінің «5:32» сериалындағы маньяктар өздерінің сұлулығымен және харизмасымен талай аруды баурап алды, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

 

«5:32» сериалында маньяктарды сомдаған әртістер бір ғимаратта фотосессия жасап, желіге жариялаған суреттерімен халықты таңдандыртты. Пікірлер бөлімінде қыздар жігіттердің сырт-келбетіне тамсанып, харизмаларына "бас кетті" деп жазуда.

 

Енді, сірә, олардың плакаттары интернетті шулатып, қыздардың бөлмесіне орналасады.

 

Батыл да қауіпті фотосессияға Шыңғыс БЕЙБІТҰЛЫ, Асланбек ЖАНҰЗАҚОВ, Аян БАТЫРБЕК, Кемеңгер ОРАЛ, Қуаныш ҚҰДАЙБЕРГЕН түсті.

 

Фотосуреттер әлі жарияланған жоқ, бірақ олардың видеосы мыңдаған қаралымға ие болды.