Өркениет

Бас редакторлар клубы БАҚ-қа үндеу жасады

  • Көрнекі сурет.  http://www.kgr.kz/

    Көрнекі сурет. http://www.kgr.kz/

Бас редакторлар клубы еліміздегі барлық бұқаралық ақпарат құралдарына, телеарналар мен интернет басылымдарға, әлеуметтік желідегі жекеменшік сайт иелері мен блогерлерге үндеу жасады.

 

Бүгінгі таңда бүкіл әлем емі табылмай отырған қауіпті індеттің таралуынан шеті мен шегі көрінбейтін, таудай толқындары долдана тулаған теңізде төрт құбыласынан тыныштық таптай теңселген кемедей күрделі кезеңді бастан кешіп отыр. Қара түнек қыспақтан құтылудың жалғыз жолы – сөнбеген үміттей болып алыстан жылтырап, басты бағытқа жол сілтейтін шамшырақтың жанып-өшкен әлсіз жарығы. Біздің қоғам да кеме секілді. Ал енді қоғамды қиындықтан алып шығар шамшырақ – ол ақпарат құралдары, - делінген үндеуде.

 

ХХ ғасырдың басындағы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың "Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі" деуі де тегін емес еді.

 

Дәл осы аксиоманың бүгінгі ақпарат дәуірінде құны артпаса, кемімесі анық. Өйткені, қиындыққа тап болған қоғамның дертінен арылып, денесін тіктеп, бағдарын айқындау үшін шынайы ақпараттың ауадай қажет екенін тарлан тарих талай дәлелдеген. Ал жалған ақпараттың қатері індеттен жаман екені де шындық. Сондықтан да, күн сайын қаншама отбасы қимасынан айырылып, қара жамылып отырғанда біздің эфирлерден той тойлағандай тайраңдаған, би билегендей секеңдеген ток-шоуларды көрсетуіміз басқасын былай қойғанда, адамгершілік қағидаларымен қаншалықты қабыспақ? Оның орнына тақырыптық, танымдық дүниелерді халыққа ұсынсақ дұрыс болар еді деп ойлаймыз. Қай заманда болсын ақпарат құралдары мемлекеттік идеологияның басты саласы болып саналады. Сондықтан, бүкіл ел көз тігіп отырған эфирімізден халықтың көңіліндегіні дөп басатын, елдің жоғын жоқтайтын, ұлттық дәстүрлеріміз бен бүкіл адамзаттық құндылықтарды насихаттайтын хабарлар мен дүниелер көрсетілсе деген тілегіміз бар, - делінген үндеуде.

 

BAQ.KZ




Көрілген: 460    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.07.2020, 14:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30