Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Басыма іс түсіп, сегіз ай бойы азап шектім» - әнші Роза Әлқожа

23 шілде 2020, 19:53

Бұлай түңіліп, бұлай таусылғанша тойда жүргенім жақсы еді ғой.
Роза Әлқожа "тойдан шаршадым" деп артынша бармақ тіптеп қалғанын айтып отыр. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, әншінің instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Есті әндерімен тыңдармандарының жүрегіне жол тапқан әнші сөздің киесі барын жақсы ұғынған. Себебі ол, бір кездері тойдан жалыққанын айтып, кейіннен басына іс түсіп, біраз қиналып қалған көрінеді.

"Адам тағдырының тәуір болуын тәңірден сұрайды. Сонда сұрау үшін сөз қажет. Ол сөз керемет сөйлемдерді құрайды.
Жаратқанға жалбарынған жан жақсы ниетпен ғана отырады. Жан солай тазарады. Неғұрлым төменге қараған сайын адам өзі де төмендейді. Сол үшін де биікке шығып тұру керектігі. Сол себепті биік адаммен тілдескенде биіктеп кететіні.

Жаман сөз айтқанға жақсы сөз айту қиын. Ал, өрелі сөз айтқанға өкінбей жүретіндей сөйлегің келеді. Сөз-жан дауысы. Сөз-жан дауасы. Сөз- қуат.Сөз-кие. Сөз-мәдениет. Сөз-тағдыр. Оны дұрыс қолданбасаң тағдырың өзгеруі мүмкін", - ойындағысыны желіге жазды.

Одан бөлек, сөзді орнымен қолданбасаң кез келгеннің жүрегін жаралауға болатынын атап өтті.

"Оған сақшы қоймасаң, семсер секілді жүректерді жаралауы мүмкін.

"Шаршадым" деме шаршап қаласың" деген сөзі бар екен Роза Бағланованың. Тәңірден сұрағанда да мысалы дұрыс сұрау керек екен. Анықтап. Сол сияқты тегін екен деп қолданып сөзбен біреудің көңілін түсіре бермейік. Жөні осы екен деп аспай сөйлейік. Ар жағында қабыл етер Алла бар. Азап шегетін адам бар.

Мысалы, мен өзім шақырған жерлерге үлгере алмай кеткенде "тойдан шаршадым" деп қалғаным бар. Артынша басыма іс түсіп, сегіз ай бойы азап шектім. Сонда қатты өкіндім. "Бұлай түңіліп, бұлай таусылғанша тойда жүргенім жақсы еді ғой" деп. Тілегенде де, айтқанда да абай болайық. Анықтап айтайық керегін, асырып емес. Жақсы сөзбен жақсы жағдайда жүздесейік, жамағат!", - деп сөзін ізгі ниетпен аяқтады.