Өркениет

"Басында тақия, өздері мафия": жұрт Төреғали Төреәлі мен Ұшқын Жамалбектің жаңа әнін сынап тастады

  • "Басында тақия, өздері мафия": жұрт Төреғали Төреәлі мен Ұшқын Жамалбектің жаңа әнін сынап тастады

 Хитмен Төреғали Төреәлі көрермен назарына өнердегі әріптесі, өмірдегі досы Ұшқын Жамалбекпен бірге "Тақия" әніне түсірген бейнебаянын ұсынды. Ырғағы жеңіл болса да, сөздері есте тез қалатын ән тыңдарманның біреуіне ұнаса, екіншісінің көңілінен шықпады, деп жазады  Stan.kz ақпараттық агенттігі.


Өнер иелері "Тақия" әні арқылы қазақтың бас киімін тағы да бір мәрте ұлықтағысы келген секілді. Себебі, әншілер тақияны Абай Құнанбаетың да, Шәмші Қалдаяқовтың да айтып, ұлттық бас киімнің әр қазақ жігітіне тар келмейтінін айтады. Төреғали Төреәлі тақия киген қазақ жігіттерін алтын тәж киіп, елін сүйген патшаларға ұқсатады екен. Тыңдармандарға ән ұнаса да, басым бөлігі тақия киіп, мафия болудың арасында қандай байланыс барын түсінбеді.


Кейбір тыңдармандар тақия мен мафия сөзі ұйқасатын болған соң, ән сөзінде солай қолданған болар деген тұжырымға келді. "Енді осы тақияны тастамай киіп жүріңдер. Кезінде Шәмші ағамыз өнер жолында жүрсе де басынан тастамаған", "Қазақтың ұлттық тақиясына не жетсін!" — деп жазса, басқалары бейнебаянды Райым мен Артурдың "Сәукелесімен" салыстырды. "Енді Райым мен Артурға құда түсе беруге болады екен ғой", "Басында тақия, өздері мафия", "Осындай арзан әнді қалай тыңдауға болады", — деді.



Бейнебаянға ел алдында жүрген танымал тұлғалар, өнер иелері түскен. Олардың қатарында спортшы Ермахан Ибраимов, журналист Рахман Омаров та бар.


Stan.kz




Көрілген: 1161    Пікірлер: 0

сенбі, 22.06.2019, 21:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31