Өркениет

Бауыржан Есебаев: Сырым Исабаев соңғы рет діни әндер сұрады, өзінің қиналып жүргенін айтып өнерден кетті

  • Бауыржан Есебаев: Сырым Исабаев соңғы рет діни әндер сұрады, өзінің қиналып жүргенін айтып өнерден кетті

    Бауыржан Есебаев: Сырым Исабаев соңғы рет діни әндер сұрады, өзінің қиналып жүргенін айтып өнерден кетті

Бауыржан Есебаев бірнеше әншінің бағын ашты. Хит әндері ел аузында. Бір кездері Сырым Исабаевқа да хит әндер жазып, бірлесе жұмыс істеген, алайда әншінің қазіргі уақытта өнерден біржола кетіп қалғанын айтты.
Бауыржан Есебаев бұрын тергеуші болған. Алайда өлең жазып, әуен жазып, басқа салаға ауысты. Өзіне Нұрлан Өнербаевтың демеу болып, қолдау көрсеткенін жасырмайды. Қазір де аға-іні болып жақсы араласады.

"Мен Алматыға келгенде жұмысым, ақшам болған жоқ. Нұрлан Өнербаевқа бардым. Ол кісі менің сөзімді жерге тастамады. Оның өзі мен үшін құрмет. Мені жұмысқа шақырды. Әншілерге менің әндерімді ұсынды. Осылайша ән саласына келдім. Нұрлан аға "Қазақ радиосын" басқарды. Мені қоластына жұмысқа алды. Менен әншілер ән сатып ала бастағанда, ақшаның көптігі әсер етті ме, қарапайым жұмысшының жалақысына көңілім толмады ма, ән жазуға біржола кеттім", - деді Есебаев "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында.

Композитор бірнеше танымал әншіге хит жазып келді. Оның ішінде Сырым Исабаев бар. Бүгінді сахнадан мүлде көрінбей кеткен әнші өнерден өз еркімен кеткен көрінеді.

"Сырым Исабаев маған хабарласты да, өнерден кетіп жатқанын айтты. "Әндер болып жатса айтарсыз" деді. Мен біржола өнерден кетіп жатырмын деді. Бір жағдайлар болған секілді. Ол бала қатты қиналып жүргендей көрінді. Мен қайта хабарласып, "қандай әндер керек еді?" деп едім, "діни әндер болса" деді. Содан кейін мен Сырымды таппай қалдым. Телефоны өшіп жатыр. Өзін елордада деп естідім", - деді сазгер.

Есебаев классикалық әндердің авторы. Бұл бағытты таңдауының да өзіндік себебі бар.

"Уақытында менің әндерім жақсы өтті. Қазір менен өзге жақсы композитор, сазгерлер шығып жатыр. Мен осылай болатынын білгендіктен, кез келген дүниенің дәуірі өтетінін білгендіктен классикалық бағытты таңдадым. Классиканың дәуірі болмайды. Ол мәңгі. Сондықтан әндерім ескеріп қалады деп қорықпаймын", - деді сазгер.  




Көрілген: 673    Пікірлер: 0

жұма, 11.09.2020, 18:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30