Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бауыржан Ибрагимов шұғыл түрде ауруханаға тжеткізілді

25 шілде 2022, 12:28

Бұрын "Бауыржан-шоу" әзіл-сықақ театрын басқарған актердің кенеттен денсаулығы сыр берген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Дәл қазір Бауыржан Ибрагимов дәрігерлердің қадағалауында. Ол аурухана төсегінде ем қабылдап жатқан сәтін әлеуметтік желіге жүктеген. Сатира саңлағы аталған бейнежазбада сырқатының себебін де ашық айтып берген.

 

"Мінекей, қалай осындай жағдайға жетуге болады деген сұраққа жауап: Ол үшін Шымкентке келу керек, әрі қарай Түркістан. 45 градус ыстық. Көліктің кондиционерін ең жоғары суықтыққа қатты қоясың. Содан кейін міндетті түрде ішінде мұз қатқан су болу керек, суды мұзымен қосып аямай ішу керек. Бір-екі күн солай жасасаң, осындай жағдайға жетуге болады, жолдастар", — дейді Бауыржан Ибрагимов.

 

 

Дәл осындай жағдайдан кейін мұрттай ұшқан актердің жағдайы бірден көптің талқысына түсті. Видеоны көрген оқырмандар әзілкештің денсаулығына алаңдап, оның тезірек сауығып кетуін тілеген.

 

"Ауырмаңыз. Ем шипа болып сауығып кетіңіз", "Алланың қалауымен жазылып кетіңіз", "Ем болсын. Тезірек сауығып кетіңіз", "Алла шипасын берсін", — деп жазды желі қолданушылары.