Өркениет

"Бауыржан шоу" актері: Ұлымды 27 жыл көрмедім, бірақ онымен кездесуге дайын емеспін

  • "Бауыржан шоу" актері: Ұлымды 27 жыл көрмедім, бірақ онымен кездесуге дайын емеспін

"Бауыржан шоу" жұлдызы, қазақстандық актер Нұрбек Мәдиев ауқымды сұхбат берді. Өнерінен бөлек өмірі жайлы ашыла сыр ақтарды. Нұрбек мырза бірінші әйелі мен ұлын 27 жылдан бері көрмеген екен. Ұлын іздегенімен, онымен қазір кездесуге дайын емес.

Бұл туралы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтылды. 

 
Нұрбек Мәдиев студент шағында Лиза есімді арумен танысып, шаңырақ құрған. Арада бір бала бар. Алайда неке сәтсіз аяқталып, ғашықтар екі жаққа кетті. Актер содан бері бірінші әйелін де, одан туған ұлды да көрмеген. Ата-әжесі де 4 жыл баққан Бексұлтан есімді немересін сол күйі көрмепті. 

"Лиза екеуміз жатақханада тұрдық. Тұңғыш ұлымды менің әке-шешем бақты. Олар бауыр басып қалған шағында әйелім алып кетті. Құдалар бір-бірін түсінісе алмады. Құдалар ұрысып жатқаны маған ауыр тиді. Сосын ажырасайық дедім. Әйелім ұлын алып кетті. Сол кеткеннен өзін де, ұлымды да көрмедік.


"Әке-шешем немересін іздеді. Әкемнің бір көрсем деген арманы орындалмай кетті. Жақында әкем өмірден өтті. Енді анамның арманы орындалғанын қалаймын", - деді актер. 

Актер 27 жыл көрмеген ұлын іздейді. Әжесімен қауыштырғысы келеді. Бағдарлама ұжымы бір ай іздеп актердің ұлын тапты. Алайда әкесі ұлымен кездесуге дайын емес. Онымен телефон арқылы сөйлесуден бас тартты.

"Мен қазір ұлыма телефон шалуға, сөйлесуге, кездеуге дайын емеспін. Әжесімен сөйлеспесе, маған біраз уақыт керек", - деді ол. 

Актер жақын уақытта өз анасының немересімен кездессем деген арманын орындауға уәде берді. 




Көрілген: 1168    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.03.2021, 18:27

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31