Өркениет

БАЙ БОЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН ЖАН АҚША ЖҰМСАМАУЫ ТИІС 7 ЖАҒДАЙ

  • БАЙ БОЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН ЖАН АҚША ЖҰМСАМАУЫ ТИІС 7 ЖАҒДАЙ

    БАЙ БОЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН ЖАН АҚША ЖҰМСАМАУЫ ТИІС 7 ЖАҒДАЙ

Ақшаның көбеюі - қаржыны дұрыс есептеудің арқасында жүзеге асады.  Ақшаны орнымен жұмсау қаржыңның өсуіне алып келеді. Еңбек етіп тапқан ақшаны жұмсауға болмайтын жерлер бар.

Ол үшін біріншіден, қалтаңыз көтермейтін дүниеге ұмтылмаңыз. Бір рет қымбат мейрамханадан ас ішіп, қымбат жерде бір рет демалу тапқан ақшаның орнын ойсыратып тастайды. Қымбат заттарды сатып алу қалтаңды жұқартады. Дұрысы, басқа адамдар секілді ас пісіріп, үйде тамақтан. Ал қымбат мейрамханаға арнайы уақыты келгенде бар!

 Екіншіден, киім, әшекей, аяқ киімге көп ақша жаратпа. Сән әлемі күн сайын өзгеріп жатыр. Бір мезгілге 10 көйлек сатып алу - ессіздік. Шетінен, жаңа үлгідегі киімді алып отырған дұрыс.

Үшіншіден, түрі немесе маркасына қарап автокөлік сатып алма. Өзіңе жұмысыңа ыңғайлап, қиындық тудырмайтын көлікті сатып ал.

Төртіншіден, ешқашан өзіңнің қолыңнан келетін дүниеге шығын шығарма. Бұл әсіресе дайын тамаққа байланысты.

Бесіншіден, үйде кір жуу, үй жинау ешқандай қиын жұмыс емес.

Алтыншыдан, қымбат жерде білім алу да ессіздің әрекеті. Адамның қайда оқығаны емес қалай оқығаны маңызды. Өз кезегінде білім алып, ақылы емес бөлімге оқуға талпынған дұрыс.

Жетіншіден, балалардың жетегіне еруге болмайды. Оларға барлығын алып беруге жағдайың жетіп тұрса да алып бермеген дұрыс. Себебі, олар өмірдің мәнін, ақшаның қайдан келетінін түсінуі керек. Ақшаны өзіңнің дамуыңа жұмсаған дұрыс.

Ақша - қолдың кірі. Сол себепті өзіңді дамытып отырсаң, келешекте өзіңе еңбек етеді.

 mazhab.kz




Көрілген: 1653    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.05.2021, 17:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31