Өркениет

Баян Алагөзова KeshYou-дің бұрынғы құрамына қатысты бар ақиқатты айтты

  • Баян Алагөзова KeshYou-дің бұрынғы құрамына қатысты бар ақиқатты айтты

    Баян Алагөзова KeshYou-дің бұрынғы құрамына қатысты бар ақиқатты айтты

KeshYou-дің қазіргі қыздары он төрт жылдық тарихы бар топтың ауқымды аудиториясын азайтып алған ба? Баян Алагөзова топтың жаңа құрамын жиі сынайтын жұртқа жауап берді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.
Баян Алагөзованың қарамағындағы KeshYou-дің жаңа құрамына бір жылға жуықтаса да, топтың қазіргі қыздарын желідегі жұрт жатсынып, жиі сынауын тоқтатар емес.

«Көрермен басқа қыздарға үйренісіп қалғаннан кейін бізді жат көріп, қабылдай алмай жатты. Содан кейін жұмысымызды көрсете келе, бейнебаяндарымызды шығара келе халықтың ойы біртіндеп өзгере бастады», – дейді KeshYou тобы.

Ал Баян Мақсатқызы халықтың бұл пікірімен мүлдем келіспейді. Он төрт жылдық тарихы бар KeshYou-де бұған дейін өнер көрсеткен бикештердің арасында продюсер үшін қай қырынан болсын ең мықты саналатын қыздар – Наргиз, Ләззат, Балауса.

«Дәл қазіргі құрам көңілімнен шығады. Өйткені бұл он төрт жыл ішінде жанды дауыста керемет айтатын алғашқы құрам. Үшеуінің де вокалдық деңгейі мықты. Сондай-ақ, бәрі ақылды, әдемі», – дейді Баян Мақсатқызы

Жаңа топ мүшелеріне жағымсыз пікірлер жазумен қатар, KeshYou тарихында алтын құрам саналатын Жанар Дұғалова, Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденовалармен салыстыратындардың да саны көп.

«Бұрынғы құрам жақсырақ еді, қайтарыңдар деген пікірлерді жиі жазады. Бізді көбі алтын құраммен салыстырады. Басында біраз ренжіп, өзімізді әлі көрсеткен жоқпыз ғой деп қынжылатынбыз», – дейді қыздар.

Дәл осы құрам Баянның көңілінен шын шыққан болу керек, бұған дейін экс-кешьюліктерге қатысты бар сырды жасырып келген Алагөзова, бұл жолы ашығын айтты.

«Осы жылдар ішінде топта өнер көрсеткен қыздардың екеуі әнші, біреуі әдемі немесе біреуінің даусы жақсы, екеуі сұлу болатын. Сондықтан үнемі баланс таппай әуре-сарсаңға түсетінбіз», – дейді Баян Мақсатқызы.

Жаңа құрамдағы қыздардың жасы 18 бен 21 аралығында. Бойжеткендердің ұстанымы да бөлек. Олар тұрмысқа шығып, жеке өмірімен жұрттың назарына ілігуді мақсат тұтпайды. Өнер жолында өздерінің дара жолдарын қалыптастырып, KeshYou брендінің атын өшірмеу үшін еңбек етпек.

«Бұрынғы топтан ерекшелену ойымызда бар. Өзіміздің ізімізді қалдырып кету жолында жұмыс жасаудамыз. Әрине, мұның бәрі болашақтың еншісінде», – дейді топ мүшелері.  




Көрілген: 1290    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.01.2020, 23:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29