Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Баян Алагөзова: «Әдемі кездерінде қысқа белдемше кимегенде, қашан киеді?»

28 қазан 2019, 23:20

Ал қарақұрым оқырманның ашуына тиетіні Айарудың қысқа етек киімдері.
Баян Алагөзованың әрбір басқан қадамы халықтың назарында. Тіпті, продюсердің оқырмандары ғаламтор арқылы қыздарының жеке өмірін де қатаң бақылауға алған. Мысалы, бүгінде Алагөзованың кенжесі «инстаграмдағы» 705 фолловерімен мақтана алады. Алайда Мақсатқызы әлеуметтік желіге қатысты ханшайымдарына қандай да бір шектеу қоюдан аулақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Менсіз де өмірдің тыйымдары жетерлік. Көптеген нәрселерді істеуге болмайды. Белгілі бір дүниеден шектеуім керек. Сондықтан қызыма былай істе деп еркіндігіне тұсау салғым келмейді», - деді продюсер.

Ал қарақұрым оқырманның ашуына тиетіні Айарудың қысқа етек киімдері. Бойжеткенді пікір арқылы бірі сөзбен сынаса, енді екіншісі қарғап-сілеуден де тайынбайды. Осыған қатысты Алагөзованың өзі хейтерлерге жауап беруді жөн көрді.

«Қыздар жас. Әдемі кездерінде қысқа белдемше кимегенде, қашан киеді? Мысалы, мен де қысқа киемін. Меніңше, адамның жақсы не жаман болуы – көйлегінің ұзын-қысқа болуына байланысты емес. Ұзын киіп жүріп те жаман нәрселерді істеуге болады», - деді Баян Алагөзова.

Естеріңізге сала кетсек, жуырда Баян Алагөзова шетелге барып тағы да ота жасатып келгенін айтқан болатын.