Баян Алагөзова қайынатасын сотқа бергендерге жауап берді

06 сәуір 2018, 12:51

Күні кеше Тұрым Алагөзовты "GALANZ bottlers" АҚ сотқа бергені хабарланған болатын. Аталған компания бұрын Тұрымның ұлы Тұрсынғалиға тиесілі болып, кейін ол бәйбішесімен ажырасқанда әйелінде қалып қойғаны да айтылған.

Осынау жайт Тұрым қарияның келіні Баян Алагөзоваға ауыр тисе керек, ол қайын атасын қорғаштап, өзінің Instagram-парақшасына жазба қалдырды.

«Қазақта қария кісіні ренжіту жақсы ырым емес. Сіздің бала күннен ашкөз боп өскеніңіз анық көрініп тұр. Байлық – қолдың кірі. Бастысы – адамгершілікті жоғалтпау керек. Жаңа көлік сізді көп күттірмес. Күні кеше ғана өзім бір көліктің кілтін “СиСиТай” байқауының жеңімпазына сыйладым. Бұл жеңісімен Тараздың аруын құттықтаймын», – деп жазды Алагөзова өзінің желідегі парақшасына.

Бұл жазбасымен Баян нені меңзегені түсініксіз. Арызданушы тарапқа "көлік әперемін, арызды қайтарып ал" дегісі келді ме, әлде өзге ниетпен жазды ма, ол жағы белгісіз.

sn.kz