Өркениет

Баян Алагөзова тағы да сынға қалды (видео)

  • https://jasqazaq.kz/

    https://jasqazaq.kz/

Баян Алагөзова қызына иттің майын ішкізгені үшін көпшіліктен сын естіді. Продюсер екінші қызы Айаруға иттің майы мен жылы сүт беріп, ем жасады. Көпшілік бұған әр түрлі пікір жазды.

 

Бұл туралы Алагөзова Инстаграм парақшасында жариялады.

 

Айару анасының қолын кері қайтарып, иттің майын жегісі келмегенімен анасы қолқалап қоймады. Жеуге міндеттеген соң қызы көнуге мәжбүр болды.

 

Баян Мақсатқызы мұның иттің майы мен сүт екенін ашық айтып, бұл туралы парақшасында өзі бөлісті. Ал, желідегі көпшілік продюсерді сынай жөнелді. Бұның исламда харам екенін айтып жатыр. Бірі шынында да иттің майы ауруға ем ретінде көмектеседі деп жақтады.

 

«Иттің майын жегізгені несі? Орыс болып кеткен. Мұсылманда мұндай жоқ», «Иттің майы зиян, мұсылмандар жемейді, оған тыйым салынған», «Кей адам иттің майы көмектесті деп жатады ғой, шипасы бары рас шығар», «Жиіркенішті, жиіркенген нәрсені жеуге болмайды, керісінше ауру табады», «Иттің майын бүгін, ертең шошқаның майын жегізесің», деп шулады көпшілік.


 

ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CDF4S3olaTX/

 

Ел арасында иттің майын ем ретінде жейтіндер бар. Енді бірі бұған мүлде қарсы. Корей медицинасы иттің етін ауруға қарсы ем ретіне көп қолданады. Оның туберкулез, малерия ауруларына шипа екенін айтады.

 

Алайда өзге мамандар мұның шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

 

Эпидемиолог Меруерт Оразованың айтуынша, иттен адамға эхинококкоз ауруы жұғу мүмкін. Бұл иттің ішегі арқылы жұғатын паразиттер. Ол адамның бауырына түсіп асқындырады дейді.

 

«Иттің еті, майын жеу дінімізде тыйым салынған. Себебі ит жаман нәрсені, нәжісті жейді. Ол медициналық тұрғыда да зиянды деп танылғандықтан шариғатта тыйым салады», — деді «Нұр-Астана» мешітінің ұстазы Ілияс Отаров.

 

jasqazaq.kz
 




Көрілген: 1225    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.07.2020, 00:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Тамыз, 12:41
    Тіл туралы 7 өлең

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30