Өркениет

Баян Алагузова: Мен еркектен бір саты төмен тұрғым келмейді

  • © instagram.com/bayanmaxatkyzy

    © instagram.com/bayanmaxatkyzy

Әйгілі продюсер Баян Алагөзова Instagram-дағы жазбасында әйелдерді өз құқықтары үшін күресуге шақырды.

 

Алагөзова әйелдерге көптеген кеңес берді.

 

«Қазіргі жағдайға жасаған жеке бақылауымнан түсінгенім: Біз әйелдерді ана, қыз, әпке, тұлға ретінде құрметтеуді қойдық. Әйелдер бір саты төмен тұру керек деген насихат жүргізіледі. Бірақ сол әйелдер бірінші болып алаңға шығады, олардың көбі азаматтық белсенділігін көрсетеді, әкімдердің кабинетінің алдына барып бас көтеретін де солар (…) Бұл жазбаны да әйел адам жазып отыр, — дейді продюсер.

 

— Мен еркектен бір саты төмен тұрғым келмейді, Конституция бойынша құқығымыз бір, мен де еркектермен тең тұлғамын.

 

Әйелдер өзімізге төмен таптағы адам ретінде қарауға мүмкіндік беретін болсақ, елде қазіргідей жағдай жалғаса береді

 

(…) Біз парлементте, әкімдіктерде, министрліктерде отырған жоқпыз, отырсақ та біз жай ғана орынбасармыз, бақылаушымыз.

 

Ата-бабамыздың тарихын еске түсірейік. Біз қасқыр ана Ұмайдың ұрпағымыз, біз осы ерекшелігімізді естен шығармаған сәтте қалалар мен елдерді жаулап, тәкәппар, батыр және әділетті болған едік. Мүмкін бұл аңыз шығар… Бірақ сол Ұмай ана мен әруақтарға сену батырларды ерлік жасауға жігерлендіріп, еркіндікке ұмтылдырған.

 

Мен әйелдердің күшіне сенетін санаулы адамдардың бірі ғана шығармын. Бірақ бұның уақытша екеніне сенемін!»

 

Продюсердің парақшасын бақылаушылардың көпшілігі оған қолдау білдірді.

 

«Осындай әйелдер көп болсын», «Мен сізді қолдаймын», «Дұрыс айтасыз», — деген сансыз пікір жазылды. Кейбірі тіпті продюсерге саясатқа араласуды ұсынды.

 




Көрілген: 1212    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.08.2020, 16:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31