Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Баян Мақсатқызы Ақботаның “Гламур для дур” фильміндегі қаламақысын бермей қойған

17 желтоқсан 2017, 17:59

Кино әлеміндегі дебюті «Гламур для дур» картинасынан басталған Ақбота, бұл жолы аталмыш фильмге қатысты тағы бір тың ақпаратты айтты. «Кешьюдің» экс-әншісі, өмірін күрт өзгерткен кинотуындыдан бір тиын да алмаған. Ал, актрисаның қаламақысы кімнің қалтасын қалыңдатты?
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Иә, бұл фильм Ақботаның өмірінде үлкен өзгеріс жасады. Әнші ару дәл осы комедияның түсірілім алаңында жүріп, экс-сүйіктісі Дәурен Айдарқұловты жолықтырды, кейін ана атанып ұлы Ибраһим дүниеге келді. Бірақ, тағдырының сыйы мен сынын сан қабылдаған қыз, өзін дүйім жұртқа танытқан бұл кинотуындыдан бірде-бір тиын алмағанын айтады.

“Мен «Гламур для дур» фильмінде гонорар алған жоқпын. Өйткені, продюсерім Баян Мақсатқызымен өздерінің келісімшарттары болған”, – дейді Ақбота Сейітмағамбет.

Бұл ақпараттың ақиқатын білмекке картина режиссерін сөзге тарттық. Асқар Ұзабаевтың айтуынша, Ақботаның қаламақасы продюсеріне беріліпті.

“Ақботаның гонорары жайлы айтатын болсам, біздің Баянмен арамызда ғана өзара келісімшарт болды. Себебі, сол сәтте ол «Кешьюдің» құрамында ән салған болатын. Тіпті, Ақботамен қаржы жайлы сөйлескен де жоқпыз”, – дейді режиссер Асқар Ұзабаев.

Сейітмағамбет болса алғашқы образымен-ақ, халықаралық байқауда топ жарып үлгерді. Мәселен, ол Ресейдің «Улыбнись Россия» атты кинофестивалінде, «Гламур для дур» комедиясындағы Ұлжан рөлі үшін «Үздік актриса» номинациясын жеңіп алған-ды! Дегенмен, арада бірнеше айдың жүзі өтсе де, аталмыш марапат әлі күнге дейін Ақботаның қолына тимепті.

«Үздік актриса» аталымына арналған сыйлық Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде жатыр. Жақын арада жібереміз деп уәде берген болатын. Бірақ әлі күнге дейін хабар жоқ! Келген бойда бірден Ақботаға табыстаймыз”, – дейді режиссер Асқар Ұзабаев.