Баян Мақсатқызы Мәншүк Мәметова туралы сериал түсірмек

20 маусым 2022, 12:47

Баян Алагөзова Кеңес одағының батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметоваға арнап сериал түсірмек. Кинокартинаның түсірілімі жақын күндері басталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қуанышты хабарды продюсердің өзі Instagram парақшасында жеткізді. 

"Армандар орындалады. Жақын арада біздің компания Мәншүк Мәметова туралы сериалдың түсіріліміне кіріседі. Біздің қолымыздан келеді және Мәншүктің аңызға айналған ерлігі ғасырлар бойы ұрпаққа беріледі деп үміттенемін", - деп бөлісті Мақсатқызы.Фильмде басты рөлді сомдайтын қыздың кім екені белгілі. Ол жас актриса - Зухра Сайпи. Сериалға режиссер Асқар Ұзабаев режиссерлік етеді.