Өркениет

Баян Мақсатқызы: Оңай болмаса да біреуді кешіріп, жайына жіберіп үйреніңіз

  • Баян Мақсатқызы: Оңай болмаса да біреуді кешіріп, жайына жіберіп үйреніңіз

    Баян Мақсатқызы: Оңай болмаса да біреуді кешіріп, жайына жіберіп үйреніңіз

Баян Мақсатқызы денсаулық пен әдімілікті сақтаудың құпиясын айтты. Одан бөлек адам бақытты болу үшін қандай тәуекелдерге бару керектігін сөз етті. Өз өміріңе риза болу - бақыттың басты сыры дейді ол.

"Менің ешкімге өкпем жоқ, адамдарға, жағдайларға. Мен бәрін қабылдай аламын. Біреуден жақсылық күтпеймін. Біреудің өміріне араласпаймын. Ешкімді өсектемеймін. Менде барға қуанамын. Осылай өмір сүргенде ғана өмір керемет. Бұл жастығың мен денсаулығыңды сақтаудың ең қарапайым жолы. Егер сізде олай болмаса, не нәрсеге ренжіп жүргеніңізді ойлаңыз.
Біреуді кешіре біліңіз. Жайына жіберіп үйреніңіз. Оңай емес, бірақ болады. Бақытты болғыңыз келсе, өз өміріңізді уламаңыз. Сол кезде тәтті торт та сізге артық салмақ қоспайды. Керісінше көңіл-күй сыйлайды. Мен кереметпін. Кім осылай шын жүректен мойындай алады? Бақытты, сүйікті, қалағанын алған және ғашық әйел ғана. Бәріне бақыт пен денсаулық тілеймін", - деп жазды Баян Мақсатқызы.
Продюсер өмірде өз бақытын таппай, біреудің дегенімен жүрген қыз-келіншектерге осындай кеңесін айтты. Өзіңді бағаламағанды ұстама, біреуге өкпелеп өз денсаулығыңды құртпа дейді ол. Әсіресе, өзгелерді ғайбаттау да өзіңе зиян әкеледі дейді продюсер. 

"Өте дұрыс айтылған, біреуді өсектеп ешкім пайда таппайды", "Әркім өз өміріне шүкір етсе, бақытты сезінеді", "Біреуді өсектеу, біреуге ренжу, өкпелеп жүру, кек алу - ақымақтардың ісі. Оған уақыт жоғалтудың керегі жоқ", "Ойыңызға қосыламын, сізге көп рахмет", "Көп қыздарға жақсы кеңес болды", - деп жазды желідегілер. 




Көрілген: 1856    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.03.2021, 12:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30