Баян Мақсатқызының 16 жастағы видеосы жарияланды

09 сәуір 2021, 18:30

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы ең алғаш фильмге түскен сәтін көрсетті. Бұл видеоны ол Instagram парақшасында жариялады.

 

- Мен он алты жасымда алғаш рет киноға түстім. Ол шағын әрі жарқын эпизодтағы  «Мираж қыздың» рөлін сомдап шықтым. Бұл қандай фильм екенін білесіздер ме!? - деді Баян Мақсатқызы.

 

Баян Мақсатқызының жас күнін көрген көпшілік оған жылы лебіздерін білдіріп, қолдауда. 

 

"Сұлулық - өнер. Әдемі қартая білу - еңбек. Сізге күш пен денсаулық тілеймін!", "Кішкентай қызыңыз өзіңізге ұқсапты", "Түк өзгермегенсіз. Баяғыдай жап-жассыз ғой", "Кукла Барби болып тұрсыз", "Дәл қазіргі - Айару", "Ол кезде табиғи сұлулық басым ғой қазіргіге қарағанда", "Сондай сүйкімді", "Кішкентай қызы деп ойлап қалдым" - деп жазды желі қолданушылары.

 

 

 

 

Oinet.kz