Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Байбекпен көңілдес": Жанар Дұғалова өзіне қатысты әңгімеге жауап берді

26 желтоқсан 2022, 14:19

Танымал әнші Жанар Дұғалова ел арасында Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбекпен көңілдес екен деген әңгімеге жауап берді. Сондай-ақ ол жақын күндері қайтадан АҚШ-қа кетпек, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Жанар Дұғалова жан сырын Nege.kz сайтындағы сұхбатында айтқан.

 

Ол ел арасында тараған қауесеттің дұрыс еместігіне тоқталыпты.

 

Тіпті "Жанар Дұғалова Бауыржан Байбектің көңілдесі екен. Баласын АҚШ-қа барып босанып келді" деген сыбыстың да шындыққа жанаспайтынын айтқан.

 

Оның экс-шенеунікпен ара қатынасы тек өлеңмен шектеліпті.

 

©vk.com/zhanardugalova

 

"Бауыржан Қыдырғалиұлын өз басым өмірімде екі-ақ мәрте көрдім. Соның бірінде менімен жақын сөйлесті, қасында жары Жанар болды. Ол кісі менің "Смирение" деген өлеңімді жақсы көреді екен, соны оқып беруімді өтінді. Бәлкім, жары Жанармен аттас болғанымнан кейін көпшілік шатастыратын шығар. Оның қыр-сырын өзім де түсінбедім. Әйтпесе, мен ешкімнің тоқалы болған емеспін және болмаймын да. Бұл менің тектіден алған тәрбиеме жат, тіпті ойлаудың өзі ұят. Адамдар әнші болса болды, міндетті түрде біреудің көңілдесі немесе тоқалы деп түйіндейді", — дейді әнші.

 

Сондай-ақ ол сұхбат соңында АҚШ-қа ақпан айында қайтадан кететінін де айтқан.